Өлеңдер

Мадиярдың қырқын берді.
Ағасы маған бейіт басына
қоятын тасқа бір ауыз өлең
жазып беруімді өтінді.
Жаздым.
Ол эпитафия мынау:

Тағдыр саған жазбадыҰзақ өмір сүруге.Гүлдей солдың жаздағыТолған күні елуге.‍Ол тура елу жасқа толған күні– 2 желтоқсанда троллейбусқағып кетіп, дүниеден өткен…

Толығырақ...

Достарымыз Самат
пен Мәдина отбасылық
альбом шығармақшыекен.
Соған эпиграф сияқты сөз
керек болған.
Төмендегіні жазып бердім:

Өткінші мына жалғанда,Оңаша бір сәт қалғанда,Сағынсаң туыс-туғандыҚарай бер, қалқам, альбомға! Беріліп тәтті арманғаӨткенді еске алғанда,Қарай бер, қалқам, жалықпай,Осы бір сурет…

Толығырақ...

Тұрсынбек Кәкішевке!
(1927 жылы туған)

Он жыл кейін ОктябрьденТуса да ерте атқа мінген.«Қызыл сұңқар» СәкендердіКөрмесе де жатқа білген.«Садақ» іздеп, архив кезіп,Көне-көне хатқа кірген.Сөйте-сөйте ғалым ағаЖазушылық…

Толығырақ...

Сағынғали Сейітовке!
(1917 жылы туған)

Октябрьмен құрдастығы рас,Сырбаймен сырластығы рас,Зерттеулерімен ғалымдығы рас,Ақындығымен алымдығы рас,Бәрінен де «С.Сейітов» дегенАты-жөннің мәлімдігі рас. 1987 жыл

Толығырақ...

Сабырхан Асановқа!

«Жазба деген әмір жоқ,Жырдан артық жанр жоқ,Жазғаныма әділ сыншыУақыттан асқан тәңір жоқ.Марапатсыз, мансапсызЕлуге кеп ақлдым», – депСабырханда сабыр жоқ. 1987…

Толығырақ...

Нұрлан Оразалинге!
(1947 жылы туған)

Жиырмада жазып жырыңдыТаныттың талант қырыңды.Отызда көрдік сахнадан«Шырақ жанған түніңді».Сырық жалғап құрыққаҚызметің өсті қырықта. 1987 жыл

Толығырақ...

1987-нің мүшелтойлары  
(Эпиграммалар)

Әлжаппар Әбішевке!

«Бәріңе… бәріңе… бәріңе…»Балаңа, жасыңа, кәріңе…Әлжекеңнің жазары… базары…Әлі де әріде… әріде…

Толығырақ...

Яков Ушановескерткіші алдында

Тұр алаңда мәңгілік отта адам,Кімдер бұған көз салып тоқтамаған.Біздер үшін ол кеше шоққа түсіп,Біздер үшін өз жанын отқа ораған. Кім…

Толығырақ...

Түндерде талай түнеріп
аспан тұрғанда

Түндерде талай түнеріп аспан тұрғанда,Сіркіреп жаңбыр терезе сыртын жуғанда.Түнеріп мен де отырдым сұлу түндерде,Қуандым сонда жаңадан жырлар туғанда. Бір өзің…

Толығырақ...

Ыбырай жаққан
сол шырақ

Мейірбан жүзі күлімдепКөз тастап әрбір сәбигеҚарайды алға шөліркепОтырған бөбек әр үйде. Кешегі қара домалақКүлге аунар қазақ баласыҚолына бүгін қалам қалам…

Толығырақ...

Шырқал ән

Шырқалсын ән, шырқалсын,Шырқалсын бүгін шалықтап.Көңілді көктей ырғалсын,Жүректе оты жалындап. Кешегі күңгірт өмірде,Айтылған ащы зар болып,Қатқанда мұздар көңілде,Нұр құйды бойға таң…

Толығырақ...

Туған жер

О, Туған жер, туған дала аяулы,Табиғатың сан мың түрлі бояулы.Шалқар көлің, дарқан далаң, орманың,Бәрідағы о туған жер, аяулы. Жылт-жылт еткен…

Толығырақ...

Тойға шашу

Қайыңның қатқан безіндей,Ұстаның темір тезіндей,Тастүйін бидің сөзіндей,Дәуіттің тірі көзіндейКімді көрдің, жігіттер,Жолаушының өзіндей! Ағаштан түйін түйгендей,Мүйізден садақ игендей,Домбырасы – көз құрты…

Толығырақ...

Шинельді күндердің
шежірелері
Хат күтемін өзіңнен

Қызғалдақ гүлдедіКөктемде қырдағы.Бұлбұлдар бақшадаӘсем ән жырлады.Сағыныш таңдарыАтады арайлап.Ұйқысыз талай таң аттыАяулы қалқа сені ойлап. Бұлақтың сылдырынКүлкіңе балаймын.Көз тастап алысқаСен жаққа…

Толығырақ...

Таңғы дауыл

Батыстан төнген қара бұлт,Шығысқа айдап өкпе жел.Батыстан күшті жел тұрып,Қара құйын болды жер. Теңізде толқын тулаған,Көбігін шашып аспанға.Жағада қамыс шулаған,Толқынның…

Толығырақ...

Сыр

Шының ба осы сөзің айтшы маған,Өңім бе, әлде түсім бе, қайтіп нанам.Жанарың жалт етті де сөнді неге,Ұшқынын ғайып болған қайдан…

Толығырақ...

Сыр

Мазасыз кейбір түндерде,Еске алам өткен күндерді.Терең ой батып кеткенде,Өкінтпес, шіркін, кімдерді. Оралмас қайта ағын боп,Балалық шағым кешегі.Бүгін де, міне, сағым…

Толығырақ...

Теректі

Жағасы жасыл желектіТау суы сұлу теректіСырға бір толған арнасынНұр көктем гүлге бөлепті. Аққайың суға төнеді,Дірілін судан көреді.Жапырақ жайған сабағынСамалы түннің…

Толығырақ...

Солдат әзілі

Екі қыс өтті, екі жаз,Кирзі етікті сүйретіп.Түн ұйқыны төрт бөліп,Ұйқыдан тұрдық күй кетіп. Қара жолды шаңдатып,Полигонға жүгірдік.Қасымызға мұз қатып,Қыста талай…

Толығырақ...

Самарқандтық Сәлім Әбдірашовке

Бір мұңдылық жатыр сенің бетіңде(Мынау елде жаның әлде жетім бе?)Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл жат жерде,Тұрыпсың сен көне қала…

Толығырақ...

Сағындым

Біз бір үйдің баласындай бәріміз,Татулықпен жақын еді жанымыз.Қызғалдақты қырда теріп көктемде,Қалықтайтын биіктерде әніміз. Жаздың күні жайлап кешке бататын,Сағынышпен күздің таңы…

Толығырақ...

Партбилет

Әкелердің билеті қойнындағыКүш-қуаты, жалыны бойындағы.От тәрізді күші де, түсі де оныңПартияның алға ұстар жолындағы. Ол боялған қанменен сонау кезде,Октябрьдің от…

Толығырақ...

Сақалдыға

Апаң болған басына хиджап кимеген,Атаң болған басқаға бас имеген.Бабаң болған балағын шорт кеспеген,Әкең болған сақал-мұрты өспеген. О байқұстар тозақта,Жатыр дейді…

Толығырақ...

(Аманхан Әлімов пен
Толымбек Әбдірайымов
«Қазақ әдебиеті»
газетінде пародияны
бірлесе жазып жүргенде…)

Аманхан мен ТолымбекБір есекке мінгесіп:«Ой, әкеңнің көрін!» деп,Қамшы ұрады бірлесіп. 2000 жыл

Толығырақ...

Өмірді сүйген,
адамды сүйген жүрекпен

Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен,Қаламмен мынау қағазға талай гүл еккем.Қазақтың жанын қазақтың қарасөзіменБозала таңнан «талтүске» дейін жыр еткем.Жыр ете берем…

Толығырақ...

Сағынышым – Алтайым
Әні де, сөзі де – Д.Әшімханұлынікі

Алтайым менің – асқарым менің,Армандай биік асқағым менің.Сағынышқа жаным таппады дауаТапса да шіркін басқаның емін.Сонда өткен менің балалық шағым –Япыр-ай,…

Толығырақ...

Өсек сөздер егер
мені түйресең

Өсек сөздер егер мені түйресеңАдалдықтан ақ жүректі сүйресеңӨз жүрегім болса егер ақиқатЖел сөзіңді быт-шыт етіп күйретем.‍Желтоқсан, 1966 жыл

Толығырақ...

Өскеменім – сүйіктім!

Дабылын қағып шығыстың,Көтеріп жүгін ұлы істің,Дүбірлеп сен оянсаң,Ашылар көзі ырыстың. Шуақты таңнан от алып,Қойнауын таудың қопарып,Ақтарып селін ағыздыңҚорғасын мен мырыштың….

Толығырақ...

«Маңмаңгер»
(Әлібек достың 50 жылдығына
әзіл баллада)

«Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,Жүйрік жоқ сенен озған құлын, тайда»…Әлібек ән салады «маңмаңгерлеп»,Келеміз Алтай асып Ұраңқайға. Ал маған өлең қайда,…

Толығырақ...

Оңаша қалсам ойымнан бейнең кетпеген,

Оңаша қалсам ойымнан бейнең кетпеген,Бір гүл боп өзің кеудемде менің көктеп ең.Өзіңсіз көрсем көктемді мынау көгілдір,Қуаныш болып жыл құсы маған…

Толығырақ...

Н мен Р-ға

Бал шырынын өмірдіңБірге татқан достар-ай!Көк жиегін көңілдіңКүнге тартқан достар-ай!Мәңгілікке қимағанШуақты қайран күндер-ай.Сендерге әкеп сыйлағанҚырдың сұлу гүлдері-ай. Ұзақты күн жалықпай,Асыр салып…

Толығырақ...

Мен сені қызғанам

Көктемнің гүліндей бойыңды түзедің,Сәбидің мойнындай балауса білегің.Қол жетпес жігіттің арманы,Қиғаш қас бір назды қыз едің. Мен саған сыйладым бір шоқ…

Толығырақ...

Менің немерелерім

1. АйжанғаНемереде тұңғышым,Сүт бетінде қаймағым.Бөлекше ғой тумысың,Ақжүректі Айжаным.Көп оқитын білгішім,Көп балаға үлгісің.Мифті қойып, қиялғаШын беріліп жүрмісің.Кітап деген теңіздіңТеріп жүрсің маржанын,Айналайын,…

Толығырақ...

Жақындарым туралы
жырлар…
Менің әжем

Менің әжем майданды көрген емен,Бірақ берген екен берерін елге деген.Заманының бетіне сен демегенЗаманымен тағдыры дөңгелеген. Кірпік қапай ол да елін…

Толығырақ...

Күпілдек

Бүгін де жиналысТым қызу басталды.Ең басты мәселе –Бір жылдық жоспар-ды.Жоспар – толқытты жастарды,Қорқытты бастарды.Күмән сөз тиылып тасталды,Өйткені жиынды Күпілдек басқарды.–…

Толығырақ...

Мен ержеттім

Мен ержеттім,Сен бойжеттің бір күндері,Кеудеңді құшып сүйді қыр гүлдері.Сырласып жүрегіңмен жүрді аялап,Тұп-тұнық туған жердің нұр түндері. Сапырып оңашада тұнығымды,Сағынғам сенің…

Толығырақ...

Мектебіме

Сонадайдан көрдім сенің келбетіңді тым биік,Көрген сайын тебіренем көкіректі жыр сүйіп. Жыр деген бір қалған шығар үлкен жүрек лебінен,Орын алып…

Толығырақ...

Қысқы түн

Қараңғыны түн қойнына сиырып,Ай шығады шың үстінен жымиып.Кең қойнауы кәрі Алтайдың бір сәтке,Құшағында нұрлы түннің тұр ұйып. Ақша бұлттар әсем…

Толығырақ...

«Құмдағы мұнаралар»

Биік едің, талайдан биік мұратың,Армандарың асқақтап құз-шыңдарда тұратын.Сен кішкентай кеудеңе сыйғыздың-ау әлемді,Мөлдір еді жырларың жүрегіңде тұнатын. Көргенім жоқ мен сені,…

Толығырақ...

Қайрау

Ертеңнің қамы – бүгінде, жаным,Үмітіңді үзіп түңілме, жаным.Шалқайып жүрер шағың да болар,Бас көтер қазір, бүгілме, жаным. Темірдей болшы, тегінде, жаным,…

Толығырақ...

Қайран! Қайран!
(Мұқағалиға)

«Қайран Қарасазым-ай!», қайран, қайран…Өксіген ән естілер әлдеқайдан.Ақын жатыр жете алмай туған жергеТірліктің басы – сайран, аяғы – ойран. Қарасаз қарға…

Толығырақ...

Қысқы таң

Төмен құлап Алтайдың сәлдесіненКеледі жымиып күн сәулесімен.Қуалап қара түннің көлеңкесінОрын ап көгілдір шың көк төсінен. Буалдыр ақ тұманы жерге төніпСары…

Толығырақ...

Кінәңді артпа тек маған

Ойнақшып көзің күлімдеп,Жалт етсе маған жанарың.Жүрегім сені гүлім деп,Масайрап бір сәт қалатын. Өзіңнен басқа бақыт жоқ,Мен үшін дара сен жұлдыз.Зымырап…

Толығырақ...

«Кеш» — соңғы өлеңі

Арпалыстым, айқастым өзімменен,Жанталастым, шайқастым, көз ілмегем.Сірі жанды сіңірдей соза түскенНе деген итжанды еді төзім деген. Мен келте емес, молынан пішілгемін,Жай…

Толығырақ...

Кеудеме қонып мың арман

Кеудеме қонып мың арман,Биікке бүгін самғадым.Алдымда мына бұралғанЖолдармен жолды жалғадым.Шыр етіп ұшқан бұлбұлғаСыңсыған таңда бақтарданҚиыла қарап тұрдым даЖүректен жырды ақтарғам….

Толығырақ...

Інілерге

Қырдың гүлін мен де тердім көктемде,Бір гүл болып менде жүрдім бөктерде.Бір шоқ гүлді ағаларға сыйладым,Ойлы көзбен тұрған еді өткенде. Бала…

Толығырақ...

Көз алдымда қызық күндер кешегі

Көз алдымда қызық күндер кешегі,Көңілімнен сағым бюолып көшеді.Мен өзіңді көргенімде сол күні,Сары аязды қыстың суық кеші еді.Сағым қуып кеткенімде алысқа,Ақ…

Толығырақ...

Жолаушымын

Келемін мен келемін арман қуып,Жатыр-ау бел-белеңдер алдан туып.Өріменен биікке жетелеген,Үмітімді үрлеймін қалған суып. Жол жатыр биіктерге білек артып,Балалығым барады сағым…

Толығырақ...

Кестелі сәтен орамал

Кестелі сәтен орамал –Әжемнен қалған көз еді……Оның да жастық кезі еді,Өртеніп жүрек өзегі,Сезімнің тасып өзені,Гүлденіп жасыл кезеңіБойжеткен кезде булығып,Айта алмай…

Толығырақ...

Жетім жүрек

Жалғыз үйде жалғыз өзің бүгін дағы, кеше де,Ғұмыр кешіп отырсың сен сонау тұйық көшеде. Сұм тағдырдың көтеріп ап саған жазған…

Толығырақ...
Дидахмет
Әшімханұлы