Әттеген-ай!
(Қазанама)
Бүгінгі басымыздағы Заман рухани енжарлықтан жалқау-керенарлықтан, даңқ құмарлықтан сақ болуды қалайды. Шамаң жетсе рухани кушті тұлғаны әспеттеу имани парызымыз. Рухани күштілік – ар, ұждан, сезім шыншылдығы мен мұрат тазалығынан көрінбегі шындық. Ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбаса керек…
Құдай-ау, күні кеше, мамырдың 18-жұлдызында телефон арқылы байланысқа шыққан, Алматы тұрғыны, халқымыздың сүйікті, асыл перзенті, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, тума талантты, кемел жазушы Дидахмет Әшімханның кенеттен мына фәни жалғаннан мәңгілік бақилық дүниеге көшкен суық хабары есенгіреткендей әсерге тап болдым. «Әттең-ай» мен өзек жарғы сырымды сарықты…
Өткен жылдың (2014) 31-шілдесінде «Түркістан» газетінің 31-шілдесіндегі санында «Рух» айдарымен «Абай және Мағауия» атты көлемді мақала жарияланғанын аса бір жылы сезім, ыстық жүрекпен, сүйіншілеп хабарласып, газетті атыма жолдаған болатын. Осы мақаланың анатациясына жазылған Дидахметтің өз пікірін қайта-қайта оқып, сан алуан ойға шома отырып осы кітабыма енгізуді ағалық, азаматтық борышым санадым.
…Құнанбай, Абай ұрпақтарының кейінгі тағдыры өте аянышты болған. Ұзақ жыл партия, совет қызметінде істеген, бүгінде құрметті демалыстағы Сейітжан Тәбәрікұлы ағамыздың «Тауқымет» атты көлемді зерттеу еңбегінде, екінші қайтара басылымға ұсынған «Кәмилә-Мұхтар жұмбағы» тақырыбында өрбитін тағдырлар жан-жақты баяндалады. (Кітап қолжазбасы «Ел-шежіре» қоғамдық қорында)дей келіп, осы еңбектің бір тарауын бүгін «Түркістан» оқырмандарына, әдебиет сүйер зиялы қауымға ұсынуды жөн көріпті. Осы үшінде ерекше құрмет тұтып, сүйікті азаматым, туған баламдай жаныма жақын, айбарым, мақтанышым санайтын едім. Ажалға не дауа? Шын жазушы кейіндеп, тым кешеулеп ашылатын жұмбақ дүние екеніне тағы бас игізді.
Апыр-ау, осы жылда мамырдағы екі реткі телефон арқылы байланысты:
Дидахметтің қазасына орай орталық баспасөзден оқығанда аңғаруым: «Қазігі қаралы күндерде өз басым Дидекеңнің Лизадай асыл жарына айрықша алғыс айтуды парыз санаймын. Ол нағыз қазақ қызына тән ерекше парасаттылықпен Дидекеңдей асыл азаматтың қадір-қасиетін бағалап, ерікті қаламгерлік кәсібімен алаңсыз айналысуына барлық жағдайды жасай білді». — (Ег/қаз.26 мамыр 2015 жыл Әбдімүтәл Әлібеков)
Міне, осы бір имандай таза шындық, мөлдір махаббат Ұлы Абайдың Мағауия ақын ұлынан туып, Мұхтардай Алаш перзентінен лайықты жар, мәңгілік ғашық – аңсары болған Кәмиләнің бүгінгі сіңілісіне ұқсатуы да Лизаның бекзат қасиеттеріне бас ұрғаны да болар! Алладан қайтсын!! Махаббат деген ұлы сезім жасымаса екен! Жастардың ой-санасына ізгілік нұрын себе алсақ келешек көктей бермек.
Өзгеден жөні бөлек Дидахмет өміріде нағыз шығармашылық иесі ретіндегі ұстаным райында сөз өнерін кие тұтып, құрметтеудің үлгісі болып, Жарқын болашақ, өміршең өнеге шашуын тілеймін!
Осы орайда: «…Әдебиеттің негізгі міндеті әшкерелеу де, дәріптеу де, ақыл айту да, алдарқарту да емес, адамдарды, адамдық тіршілікті әуелі өзің жете түсініп, сосын оқушыңды жете түсіндіріп, оның өзін-өзі рухани шыңдай білуіне түрткі болу деп ұғамын»,- депті Алаштың абзал перзенті, қазақтың адал ұлы, Қазақсатан Республикасының Еңбек Ері, кемел жазушы Әбіш Кекілбаев. Осы сөзге тоқтадық. Дүниені ең басты жұмбағы – Адам. Әсіресе, текті әулеттен туып, ерекше дарын, өміршең қабілетті тұлға болмысы бөлек, табиғатынан тылсым құбылыс екенінде шүбәсіз иланған жөн. Олардың балалық шағынан бастап күллі жүріп өткен жолы, кешкен ғұмырын білу, тілеулі ұрпаққа аса қажетті болар.
31.05.2015 ж
Сейітмұхамет (Сейітжан) ТӘбӘрікҰлы
Семей