Теңiз терминдерiнiң  қысқаша  сөздiгi

Анкерок – тұщы  суға  арналған  кеспек.

Бак –         жоғарғы палубаның  тұмсық  жағы.

Бакштаг –          кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсi  жел  бағытымен 1000- ­тан 1700­-қа  дейiнгi  арлықты  құрайды.

Банка –     шлюпкада  ескекшiлер отыратын  орындық.

Баркентина – үш  немесе  одан  да көп  мачталы  желкендi кеме. Мұндай  кеменiң  алдыңғы  мачтасындағы  желкен  түзуiнен, ал қалғандарында  қиғаш  орналасады.

Бейдевинд – кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсi  жел бағытымен 100­-тан 800—­қа  дейiнгi  аралықты  құрайды.

Бизань-мачта –   үш немесе  одан  да көп  мачталы кеменiң  ең  артқы  мачтасы.

Бимсы – кемеге  көлденең  бекiткен  белағаштар. Палуба  осылардың  үстiне  қондырылады.

Битенгтер – арқан­-жiптердi  бекiтуге  арналған  ағаш  немесе  метал тұғыршалар.

Бом-кливер­ – кеме  тұмсығындағы  ұшбұрышты  қиық.  желкендердiң алдыңғысы.

 Брашпиль ­– зәкiр немесе  құрал­жабдықтарды  көтеруге  арналған  айналмалы  шығыр.

Арқан бухтасы­ – шиыршықтап (шумақтап)  оралған арқан.

Бушприт­ – кеме  тұмсығына  шамалы  шығып  тұратын ағаш  бөрене. Бом­кливер   мен кливердiң  алдыңғы  төменгi  бұрыштары  осы   бөренеге байланады.

Ванттар – мачтларды  тiгiнен ұстап  тұратын, бiр ұштары  бортқа  байланған құрал­жабдықтар. Арқан  баспалдақтары бар.

Верп – кiшiрек  зәкiр.

Вымбовка – зәкiр шпилiн  қолмен  бұрап  көтеруге  арналған шығыр.

Жел бетiне  шығару –         желкеннiң төменгi  артқы  бұрышын жел жақтағы  бортқа  қарай  ауыстыру .

Галион – үлкен  желкендi  кеменiң  бiр түрi.

Галс – кеменiң  жел  ыңғайына  қатысты  бағыты . Мысалы: оң  немесе  сол  галспен  жүру  дегенiмiз ­оң жақтан  немесе  сол жақтан соққан  жел ыңғайымен жүру  деген сөз.

Галфинд – кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл  бағыт  кезiнде  кеме  жүрiсi 800­тан 1000-қа  дейiн  бұрыш  жасайды.

Гафель – бiр басын  мачтаға  жантайта  бекiткен  бөрене. Жоғарғы  желкендер  осы б рене  арқылы  көтерiледi.

Гафель­гардель – гафельдiң алдыңғы  ұшын  көтеруге  қызмет  ететiн құрал.

Гик –  бiр басы  мачтаға  бекiтiлген  көлденең  бөрене.

Гиттер –    желкеннiң  төменгi  жиегiн  жоғарғы  басына  қарай  тартатын (сиыратын) арқан­жiптер.

Грот–грот­ мачтегi  төменгi  желкен.

Грот­мачта –      мачтаның  тұмсық  жағынан  екiншiсi.

Дирик­фал –        гафельдi  көтеретiн құрал.

Каперлер­ – теңiздегi  дұшпан  кемелерiн  ұстаудан  тұтқындауға  дейiн  өөз үкiметiнен  ұлықсат  алған  каперлiк  жеке меншiк кемелер.

Кат­балклер – зәкiрлердi  палубаға  көтеруге  арналған  кеме  тұмсығындағы  кран iспеттi  бұрылмалы, төртқырлы  бөренелер.

Киль – кеменiң  астынғы  жағына  ұзыннан  салын жуан бөрене. Кеменiң  негiзгi  бөлшектерiнiң  бәрi  осы   бөренге  бекiтiледi.

Кильватер – кеменiң  артында  қалатын құйрықты жұлдыз секiлдi ақсонар  iз. Мыс:  кильватерде  жүру  дегенiмiз – алдыңғы кеменiң  iзiн  қуалап  жүру  деген сөз.

Кливер – кеме  тұмсығындағы  үш  бұрышты  қиық  желкендердiң  екiншiсi .

Кливер­фал – кливердi көтеретiн арқан­жiп .

Клипер – желкендi  кемелердiң  аса  жүрдек (жүйрiк) түрлерiнiң  бiрi.

Клотик – мачтаның  немесе  стеньганың  төбесiне  жабылған  ағаш дөңгелек.

Клюз – зәкiр  шынжыры  өтетiн  борттағы тесiк.

Кнехтер – палубаға  бекiтiлген, тросты  орауға  арналған  темiр тұғыршалар.

Коммингс – су кiрiп кетпес  үшiн  биiктеу  жасалған  люктiң  жиегi.

Корма – кеменiң  артқы  жағы (бөлiгi).

Кафель­ – нагель–мачта  шеңберiнiң  тесiгiне  кигiзiлген дiңгек (құрал­саймандарды бекiтуге  немесе iлiп қоюға  арналған).

Лаг – кеме  жүрiсiнiң  жылдамдылығын  немесе  оның  жүрiп  өткен  жолын  өлшейтiн (анықтайтын) аспап.

Лаглинь – лаг қалтқысын  байлайтын  жiп.

Леер – екi  ұшы  екi жаққа (дiңгекке) бекiтiлген ұзын  жiп. Бұл көбiнде  кейбiр  желкендердi  қоюға, ал кейде  кәдiмгi  кiр  жаю  үшiн  пайдаланылады.

Ликтрос – желкен  жиектерiн  көктеуге  арналған  жұмсақ трос.

Марсовые – мачта желкендерiн  қоюға немесе жинап  алуға  бейiмделген  мастростар.

Теңiз милi (миль) – 1 миль­1852 метрге  тең ұзындық  өлшемi.

Бортқа! (на борт) – жүрзiгу  тұтқасын шегiне  дейiн бұрау.

Найтовы – тросты  немесе шынжырлы  бекiту.

Нирал – желкендердi жинар  кезде  оларды  төмен тартатын  құрал.

Нок – кез келген  көлденең немесе  қиғаш  бөрененiң сыртқы ұшы (басы); мыс:гафельдiң  ногi.

Обводы – кеме  қаңқасының түрi (формасы).

Оверштаг – “оверштаг бұру”–кеме  жел  арнасын  тұмсығымен  кесiп  өтерде, желге  қарсы  шұғыл  бұрылу.

Остойчивость – жел немесе  су ағысы  қисайтқан  кезде  кеменiң  түзу  қалыпқа  қайта  түсуге  икемдiлiгi.

Пиллерстер –  палубаны  астынан ұстап  тұратын  тiк  бөренелер.

Планшир –  шлюпка  бортының немес кеме  фальшбортының үстiнгi  белағашы.

Полветра –  “полветрде”– галфинд  деп аталатын кеме  бағытының  екiншi  атауы (кеме  жүрiсi  жел  бағытымен 100 –тан 800 –қа дейiнгi аралықты құрайды).

Полубак – кеме  тұмсығындағы палуба үстiнде  орналасқан алаңша.

Ракс­бугель – мачта  бойымен  ары­берi  жүгiрiп  тұратын  қармақты сақина.  Желкеннiң  үстiнгi  жиегi бекiтiлетiн  сырықшаны  көтеруге  арналған.

Рангтоут – желкендер  байланатын  ағаш  немес  металл  бөлiктер.

Риф – “рифке  алу”– желкеннiң  төменгi  етегiнен  бастап сиыра  жинау  арқылы оның  көлемiн  кiшiрейту. Желкендер  негiзiнен  қатты  жел кезiнде  рифке алынады.

Рубка – жоғарғы  палуба  үстiне  тұрғызылған  кiшкентай  үйшiк. Кеме  жүрiсi  осы  үйшiктен  басқарылады.

Румпель – жүргiзу  тұтқасының (руль) үстiнгi  бөлiгiне  кигiзiлген  мүйiзшелер . Руль  осы  мүйiзшелер көмегiмен  бұрылады.

Салинг – айқын  түрiнде  мачтаға  бекiтiлген  ағаш  сырықтар,– арқан­жiптердi  байлауға, сондай­ақ  стеньгаға тiреу  болуға қызмет  етедi.

Сампан – Қиыр  Шығыс пен Қытайда  кеңiнен тараған  жалпақ  табанды  желкендi  кеме.

Свайка – троспен  жұмыс  iстегенде  пайдаланылатын iстiк тәрiздi  үшкiр  темiр.

Сезни – оралған  желкендердi  бiр орынға жинау  кезiнде, оларды  бiрiктiрiп  байлап қоюға  пайдаланылатын қысқа  тростар.

Спенкер (контр­бизань) – артқы  мачтаға  iлiнетiн төртбұрышты  қисық  желкен.

Стаксель – фок­мачтаға тiлкелей  iлiнген  алдыңғы  ұшбұрышты  желкендердiң  үшiншiсi.

Стеньга – мачтаның  жалғасы  болып  есептелетiн  ұзын  ағаш  дiңгек.

Степс – мачтаның  төменгi  басын бекiтетiн  терең ұялы  ағаш бөрене.

Такелаж – рангоуттың кейбiр  бөлiктерiн  бекiтетiн немесе  желкендер  мен  рангоутты  көтерiп­түсiрiп  тұратын құрал­жабдықтар.

Тали – ауыр  заттарды  көтеруге  арналған  ұялы  темiр шығыр. Онымен  желкендердi  де  басқарып тұрады.

Талреп – тiк  тұрған  такелаж  құрал­саймандарын  тартуға  арналған  трос  немесе  винт (бұранда).

Топ – ұшар  басы, төбесi, топ­мачта–мачтаның  ұшар  басы, төбесi.

Топсель – грот­мачта пен  фок­мачтаның жоғарғы  қиық желкенi.

Тузик – екi  ескектi  шағын  шлюпка (қайық).

Туманный горн – желкендi  кемелерде  тұманды  сәттерде  дабыл  қағып  тұратын  керней.

Уваливать под  ветер –  желден  жалтару– қарсы  соққан  жел  арқылы тұмсығымен  бұрылу.

Фал – желкендi немесе  туды  көтеруге  арналған құрал.

Фалинь – шлюпканы  байлап  қоятын  трос (арқан).

Фальшборт – борттың  жалғасы,  үстiнгi  палубаның  биiк  ернеуi.

Фальшкиль – кильдiң астынан бекiтiлген  төрт  қырлы  бөрене (брус).

Фок – фок­мачтадағы төменгi желкен.

Фок мачта – алдыңғы  мачта.

Фор­ванты – Фок­        мачтаның  ванты (мачтаны тiгiнен  ұстап  тұратын  арқан­жiптер)

Фордевинд – кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсiнiң  бұрышы  оң  борт  жақтан 1700 ­тан  сол  жақ  борттан 1700­қа дейiнгi  аралықты  қамтиды.

Форштевень – кеменiң  алдыңғы тұмсық тұсы (кильдiң  жалғасы).

Хват­тали – екi  шығырдан  тұратын  шағын  талилер (палубада әртүрлi  жұмыстар атқаруға  пайдаланылады).   

Швартовы – кеменi  жағаға  байлайтын немесе  басқа  бiр кемеге  тiркеуге  iлетiн трос (арқан).

Шкот – желкендердi  басқаруға  арналған  құрал.

Шлюп – бiр мачталы  шағын  желкендi  кеме.

Шпангоуттар – кеме  қаңқасының  көлденең  қабырғалары.

Шпигаттар – борттың  немесе  палубаның  су  ағызуға  арналған тесiктерi.

Шпор – мачтаның немесе  стеньганың төмен басы (ұшы).

Штаг – мачтаны немесе  стеньганы  алдыңғы  жағынан ұстап тұратын  құрал (арқан­жiп).

Шторм­трап – арқан­жiптен жасалған  баспалдақ.

Ют – палубаның  корма  жағы (артқы).

Якорный  огонь –  зәкiр оты – кеме  зәкiрде  тұрған  кезде  тұмсық  үстiне  iлiп  қоятын  шам.

Дидахмет
Әшімханұлы
logo