Анкерок – тұщы суға арналған кеспек.
Бак – жоғарғы палубаның тұмсық жағы.
Бакштаг – кеме бағытының бiр түрi. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрiсi жел бағытымен 1000- тан 1700-қа дейiнгi арлықты құрайды.
Банка – шлюпкада ескекшiлер отыратын орындық.
Баркентина – үш немесе одан да көп мачталы желкендi кеме. Мұндай кеменiң алдыңғы мачтасындағы желкен түзуiнен, ал қалғандарында қиғаш орналасады.
Бейдевинд – кеме бағытының бiр түрi. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрiсi жел бағытымен 100-тан 800—қа дейiнгi аралықты құрайды.
Бизань-мачта – үш немесе одан да көп мачталы кеменiң ең артқы мачтасы.
Бимсы – кемеге көлденең бекiткен белағаштар. Палуба осылардың үстiне қондырылады.
Битенгтер – арқан-жiптердi бекiтуге арналған ағаш немесе метал тұғыршалар.
Бом-кливер – кеме тұмсығындағы ұшбұрышты қиық. желкендердiң алдыңғысы.
Брашпиль – зәкiр немесе құралжабдықтарды көтеруге арналған айналмалы шығыр.
Арқан бухтасы – шиыршықтап (шумақтап) оралған арқан.
Бушприт – кеме тұмсығына шамалы шығып тұратын ағаш бөрене. Бомкливер мен кливердiң алдыңғы төменгi бұрыштары осы бөренеге байланады.
Ванттар – мачтларды тiгiнен ұстап тұратын, бiр ұштары бортқа байланған құралжабдықтар. Арқан баспалдақтары бар.
Верп – кiшiрек зәкiр.
Вымбовка – зәкiр шпилiн қолмен бұрап көтеруге арналған шығыр.
Жел бетiне шығару – желкеннiң төменгi артқы бұрышын жел жақтағы бортқа қарай ауыстыру .
Галион – үлкен желкендi кеменiң бiр түрi.
Галс – кеменiң жел ыңғайына қатысты бағыты . Мысалы: оң немесе сол галспен жүру дегенiмiз оң жақтан немесе сол жақтан соққан жел ыңғайымен жүру деген сөз.
Галфинд – кеме бағытының бiр түрi. Бұл бағыт кезiнде кеме жүрiсi 800тан 1000-қа дейiн бұрыш жасайды.
Гафель – бiр басын мачтаға жантайта бекiткен бөрене. Жоғарғы желкендер осы б рене арқылы көтерiледi.
Гафельгардель – гафельдiң алдыңғы ұшын көтеруге қызмет ететiн құрал.
Гик – бiр басы мачтаға бекiтiлген көлденең бөрене.
Гиттер – желкеннiң төменгi жиегiн жоғарғы басына қарай тартатын (сиыратын) арқанжiптер.
Грот–грот мачтегi төменгi желкен.
Гротмачта – мачтаның тұмсық жағынан екiншiсi.
Дирикфал – гафельдi көтеретiн құрал.
Каперлер – теңiздегi дұшпан кемелерiн ұстаудан тұтқындауға дейiн өөз үкiметiнен ұлықсат алған каперлiк жеке меншiк кемелер.
Катбалклер – зәкiрлердi палубаға көтеруге арналған кеме тұмсығындағы кран iспеттi бұрылмалы, төртқырлы бөренелер.
Киль – кеменiң астынғы жағына ұзыннан салын жуан бөрене. Кеменiң негiзгi бөлшектерiнiң бәрi осы бөренге бекiтiледi.
Кильватер – кеменiң артында қалатын құйрықты жұлдыз секiлдi ақсонар iз. Мыс: кильватерде жүру дегенiмiз – алдыңғы кеменiң iзiн қуалап жүру деген сөз.
Кливер – кеме тұмсығындағы үш бұрышты қиық желкендердiң екiншiсi .
Кливерфал – кливердi көтеретiн арқанжiп .
Клипер – желкендi кемелердiң аса жүрдек (жүйрiк) түрлерiнiң бiрi.
Клотик – мачтаның немесе стеньганың төбесiне жабылған ағаш дөңгелек.
Клюз – зәкiр шынжыры өтетiн борттағы тесiк.
Кнехтер – палубаға бекiтiлген, тросты орауға арналған темiр тұғыршалар.
Коммингс – су кiрiп кетпес үшiн биiктеу жасалған люктiң жиегi.
Корма – кеменiң артқы жағы (бөлiгi).
Кафель – нагель–мачта шеңберiнiң тесiгiне кигiзiлген дiңгек (құралсаймандарды бекiтуге немесе iлiп қоюға арналған).
Лаг – кеме жүрiсiнiң жылдамдылығын немесе оның жүрiп өткен жолын өлшейтiн (анықтайтын) аспап.
Лаглинь – лаг қалтқысын байлайтын жiп.
Леер – екi ұшы екi жаққа (дiңгекке) бекiтiлген ұзын жiп. Бұл көбiнде кейбiр желкендердi қоюға, ал кейде кәдiмгi кiр жаю үшiн пайдаланылады.
Ликтрос – желкен жиектерiн көктеуге арналған жұмсақ трос.
Марсовые – мачта желкендерiн қоюға немесе жинап алуға бейiмделген мастростар.
Теңiз милi (миль) – 1 миль1852 метрге тең ұзындық өлшемi.
Бортқа! (на борт) – жүрзiгу тұтқасын шегiне дейiн бұрау.
Найтовы – тросты немесе шынжырлы бекiту.
Нирал – желкендердi жинар кезде оларды төмен тартатын құрал.
Нок – кез келген көлденең немесе қиғаш бөрененiң сыртқы ұшы (басы); мыс:гафельдiң ногi.
Обводы – кеме қаңқасының түрi (формасы).
Оверштаг – “оверштаг бұру”–кеме жел арнасын тұмсығымен кесiп өтерде, желге қарсы шұғыл бұрылу.
Остойчивость – жел немесе су ағысы қисайтқан кезде кеменiң түзу қалыпқа қайта түсуге икемдiлiгi.
Пиллерстер – палубаны астынан ұстап тұратын тiк бөренелер.
Планшир – шлюпка бортының немес кеме фальшбортының үстiнгi белағашы.
Полветра – “полветрде”– галфинд деп аталатын кеме бағытының екiншi атауы (кеме жүрiсi жел бағытымен 100 –тан 800 –қа дейiнгi аралықты құрайды).
Полубак – кеме тұмсығындағы палуба үстiнде орналасқан алаңша.
Раксбугель – мачта бойымен арыберi жүгiрiп тұратын қармақты сақина. Желкеннiң үстiнгi жиегi бекiтiлетiн сырықшаны көтеруге арналған.
Рангтоут – желкендер байланатын ағаш немес металл бөлiктер.
Риф – “рифке алу”– желкеннiң төменгi етегiнен бастап сиыра жинау арқылы оның көлемiн кiшiрейту. Желкендер негiзiнен қатты жел кезiнде рифке алынады.
Рубка – жоғарғы палуба үстiне тұрғызылған кiшкентай үйшiк. Кеме жүрiсi осы үйшiктен басқарылады.
Румпель – жүргiзу тұтқасының (руль) үстiнгi бөлiгiне кигiзiлген мүйiзшелер . Руль осы мүйiзшелер көмегiмен бұрылады.
Салинг – айқын түрiнде мачтаға бекiтiлген ағаш сырықтар,– арқанжiптердi байлауға, сондайақ стеньгаға тiреу болуға қызмет етедi.
Сампан – Қиыр Шығыс пен Қытайда кеңiнен тараған жалпақ табанды желкендi кеме.
Свайка – троспен жұмыс iстегенде пайдаланылатын iстiк тәрiздi үшкiр темiр.
Сезни – оралған желкендердi бiр орынға жинау кезiнде, оларды бiрiктiрiп байлап қоюға пайдаланылатын қысқа тростар.
Спенкер (контрбизань) – артқы мачтаға iлiнетiн төртбұрышты қисық желкен.
Стаксель – фокмачтаға тiлкелей iлiнген алдыңғы ұшбұрышты желкендердiң үшiншiсi.
Стеньга – мачтаның жалғасы болып есептелетiн ұзын ағаш дiңгек.
Степс – мачтаның төменгi басын бекiтетiн терең ұялы ағаш бөрене.
Такелаж – рангоуттың кейбiр бөлiктерiн бекiтетiн немесе желкендер мен рангоутты көтерiптүсiрiп тұратын құралжабдықтар.
Тали – ауыр заттарды көтеруге арналған ұялы темiр шығыр. Онымен желкендердi де басқарып тұрады.
Талреп – тiк тұрған такелаж құралсаймандарын тартуға арналған трос немесе винт (бұранда).
Топ – ұшар басы, төбесi, топмачта–мачтаның ұшар басы, төбесi.
Топсель – гротмачта пен фокмачтаның жоғарғы қиық желкенi.
Тузик – екi ескектi шағын шлюпка (қайық).
Туманный горн – желкендi кемелерде тұманды сәттерде дабыл қағып тұратын керней.
Уваливать под ветер – желден жалтару– қарсы соққан жел арқылы тұмсығымен бұрылу.
Фал – желкендi немесе туды көтеруге арналған құрал.
Фалинь – шлюпканы байлап қоятын трос (арқан).
Фальшборт – борттың жалғасы, үстiнгi палубаның биiк ернеуi.
Фальшкиль – кильдiң астынан бекiтiлген төрт қырлы бөрене (брус).
Фок – фокмачтадағы төменгi желкен.
Фок мачта – алдыңғы мачта.
Форванты – Фок мачтаның ванты (мачтаны тiгiнен ұстап тұратын арқанжiптер)
Фордевинд – кеме бағытының бiр түрi. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрiсiнiң бұрышы оң борт жақтан 1700 тан сол жақ борттан 1700қа дейiнгi аралықты қамтиды.
Форштевень – кеменiң алдыңғы тұмсық тұсы (кильдiң жалғасы).
Хваттали – екi шығырдан тұратын шағын талилер (палубада әртүрлi жұмыстар атқаруға пайдаланылады).
Швартовы – кеменi жағаға байлайтын немесе басқа бiр кемеге тiркеуге iлетiн трос (арқан).
Шкот – желкендердi басқаруға арналған құрал.
Шлюп – бiр мачталы шағын желкендi кеме.
Шпангоуттар – кеме қаңқасының көлденең қабырғалары.
Шпигаттар – борттың немесе палубаның су ағызуға арналған тесiктерi.
Шпор – мачтаның немесе стеньганың төмен басы (ұшы).
Штаг – мачтаны немесе стеньганы алдыңғы жағынан ұстап тұратын құрал (арқанжiп).
Штормтрап – арқанжiптен жасалған баспалдақ.
Ют – палубаның корма жағы (артқы).
Якорный огонь – зәкiр оты – кеме зәкiрде тұрған кезде тұмсық үстiне iлiп қоятын шам.