Мадиярдың қырқын берді. Ағасы маған бейіт басына қоятын тасқа бір ауыз өлең жазып беруімді өтінді. Жаздым. Ол эпитафия мынау:
Тағдыр саған жазбады Ұзақ өмір сүруге. Гүлдей солдың жаздағы Толған күні елуге. Ол тура елу жасқа толған күні – 2 желтоқсанда троллейбус қағып кетіп, дүниеден өткен еді.