Теңiз терминдерiнiң  қысқаша  сөздiгi

Анкерок – тұщы  суға  арналған  кеспек.

Бак –         жоғарғы палубаның  тұмсық  жағы.

Бакштаг –          кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсi  жел  бағытымен 1000- ­тан 1700­-қа  дейiнгi  арлықты  құрайды.

Банка –     шлюпкада  ескекшiлер отыратын  орындық.

Баркентина үш  немесе  одан  да көп  мачталы  желкендi кеме. Мұндай  кеменiң  алдыңғы  мачтасындағы  желкен  түзуiнен, ал қалғандарында  қиғаш  орналасады.

Бейдевинд кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсi  жел бағытымен 100­-тан 800­қа  дейiнгi  аралықты  құрайды.

Бизань-мачта   үш немесе  одан  да көп  мачталы кеменiң  ең  артқы  мачтасы.

Бимсы кемеге  көлденең  бекiткен  белағаштар. Палуба  осылардың  үстiне  қондырылады.

Битенгтер арқан­-жiптердi  бекiтуге  арналған  ағаш  немесе  метал тұғыршалар.

Бом-кливер­кеме  тұмсығындағы  ұшбұрышты  қиық.  желкендердiң алдыңғысы.

 Брашпиль ­зәкiр немесе  құрал­жабдықтарды  көтеруге  арналған  айналмалы  шығыр.

Арқан бухтасы­шиыршықтап (шумақтап)  оралған арқан.

Бушприт­кеме  тұмсығына  шамалы  шығып  тұратын ағаш  бөрене. Бом­кливер   мен кливердiң  алдыңғы  төменгi  бұрыштары  осы   бөренеге байланады.

Ванттар мачтларды  тiгiнен ұстап  тұратын, бiр ұштары  бортқа  байланған құрал­жабдықтар. Арқан  баспалдақтары бар.

Верп кiшiрек  зәкiр.

Вымбовка зәкiр шпилiн  қолмен  бұрап  көтеруге  арналған шығыр.

Жел бетiне  шығару –         желкеннiң төменгi  артқы  бұрышын жел жақтағы  бортқа  қарай  ауыстыру .

Галион үлкен  желкендi  кеменiң  бiр түрi.

Галс кеменiң  жел  ыңғайына  қатысты  бағыты . Мысалы: оң  немесе  сол  галспен  жүру  дегенiмiз ­оң жақтан  немесе  сол жақтан соққан  жел ыңғайымен жүру  деген сөз.

Галфинд кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл  бағыт  кезiнде  кеме  жүрiсi 800­тан 1000-қа  дейiн  бұрыш  жасайды.

Гафель бiр басын  мачтаға  жантайта  бекiткен  бөрене. Жоғарғы  желкендер  осы б рене  арқылы  көтерiледi.

Гафель­гардель – гафельдiң алдыңғы  ұшын  көтеруге  қызмет  ететiн құрал.

Гик   бiр басы  мачтаға  бекiтiлген  көлденең  бөрене.

Гиттер –    желкеннiң  төменгi  жиегiн  жоғарғы  басына  қарай  тартатын (сиыратын) арқан­жiптер.

Грот–грот­ мачтегi  төменгi  желкен.

Грот­мачта –      мачтаның  тұмсық  жағынан  екiншiсi.

Дирик­фал –        гафельдi  көтеретiн құрал.

Каперлер­теңiздегi  дұшпан  кемелерiн  ұстаудан  тұтқындауға  дейiн  өөз үкiметiнен  ұлықсат  алған  каперлiк  жеке меншiк кемелер.

Кат­балклер – зәкiрлердi  палубаға  көтеруге  арналған  кеме  тұмсығындағы  кран iспеттi  бұрылмалы, төртқырлы  бөренелер.

Киль кеменiң  астынғы  жағына  ұзыннан  салын жуан бөрене. Кеменiң  негiзгi  бөлшектерiнiң  бәрi  осы   бөренге  бекiтiледi.

Кильватер – кеменiң  артында  қалатын құйрықты жұлдыз секiлдi ақсонар  iз. Мыс:  кильватерде  жүру  дегенiмiз – алдыңғы кеменiң  iзiн  қуалап  жүру  деген сөз.

Кливер кеме  тұмсығындағы  үш  бұрышты  қиық  желкендердiң  екiншiсi .

Кливер­фал кливердi көтеретiн арқан­жiп .

Клипер желкендi  кемелердiң  аса  жүрдек (жүйрiк) түрлерiнiң  бiрi.

Клотик мачтаның  немесе  стеньганың  төбесiне  жабылған  ағаш дөңгелек.

Клюз зәкiр  шынжыры  өтетiн  борттағы тесiк.

Кнехтер палубаға  бекiтiлген, тросты  орауға  арналған  темiр тұғыршалар.

Коммингс су кiрiп кетпес  үшiн  биiктеу  жасалған  люктiң  жиегi.

Корма кеменiң  артқы  жағы (бөлiгi).

Кафель­нагель–мачта  шеңберiнiң  тесiгiне  кигiзiлген дiңгек (құрал­саймандарды бекiтуге  немесе iлiп қоюға  арналған).

Лаг кеме  жүрiсiнiң  жылдамдылығын  немесе  оның  жүрiп  өткен  жолын  өлшейтiн (анықтайтын) аспап.

Лаглинь лаг қалтқысын  байлайтын  жiп.

Леер екi  ұшы  екi жаққа (дiңгекке) бекiтiлген ұзын  жiп. Бұл көбiнде  кейбiр  желкендердi  қоюға, ал кейде  кәдiмгi  кiр  жаю  үшiн  пайдаланылады.

Ликтрос желкен  жиектерiн  көктеуге  арналған  жұмсақ трос.

Марсовые мачта желкендерiн  қоюға немесе жинап  алуға  бейiмделген  мастростар.

Теңiз милi (миль) 1 миль­1852 метрге  тең ұзындық  өлшемi.

Бортқа! (на борт) жүрзiгу  тұтқасын шегiне  дейiн бұрау.

Найтовы тросты  немесе шынжырлы  бекiту.

Нирал желкендердi жинар  кезде  оларды  төмен тартатын  құрал.

Нок кез келген  көлденең немесе  қиғаш  бөрененiң сыртқы ұшы (басы); мыс:гафельдiң  ногi.

Обводы кеме  қаңқасының түрi (формасы).

Оверштаг “оверштаг бұру”–кеме  жел  арнасын  тұмсығымен  кесiп  өтерде, желге  қарсы  шұғыл  бұрылу.

Остойчивость жел немесе  су ағысы  қисайтқан  кезде  кеменiң  түзу  қалыпқа  қайта  түсуге  икемдiлiгi.

Пиллерстер  палубаны  астынан ұстап  тұратын  тiк  бөренелер.

Планшир  шлюпка  бортының немес кеме  фальшбортының үстiнгi  белағашы.

Полветра  “полветрде”– галфинд  деп аталатын кеме  бағытының  екiншi  атауы (кеме  жүрiсi  жел  бағытымен 100 –тан 800 –қа дейiнгi аралықты құрайды).

Полубак кеме  тұмсығындағы палуба үстiнде  орналасқан алаңша.

Ракс­бугель мачта  бойымен  ары­берi  жүгiрiп  тұратын  қармақты сақина.  Желкеннiң  үстiнгi  жиегi бекiтiлетiн  сырықшаны  көтеруге  арналған.

Рангтоут желкендер  байланатын  ағаш  немес  металл  бөлiктер.

Риф “рифке  алу”– желкеннiң  төменгi  етегiнен  бастап сиыра  жинау  арқылы оның  көлемiн  кiшiрейту. Желкендер  негiзiнен  қатты  жел кезiнде  рифке алынады.

Рубка жоғарғы  палуба  үстiне  тұрғызылған  кiшкентай  үйшiк. Кеме  жүрiсi  осы  үйшiктен  басқарылады.

Румпель жүргiзу  тұтқасының (руль) үстiнгi  бөлiгiне  кигiзiлген  мүйiзшелер . Руль  осы  мүйiзшелер көмегiмен  бұрылады.

Салинг айқын  түрiнде  мачтаға  бекiтiлген  ағаш  сырықтар,– арқан­жiптердi  байлауға, сондай­ақ  стеньгаға тiреу  болуға қызмет  етедi.

Сампан Қиыр  Шығыс пен Қытайда  кеңiнен тараған  жалпақ  табанды  желкендi  кеме.

Свайка троспен  жұмыс  iстегенде  пайдаланылатын iстiк тәрiздi  үшкiр  темiр.

Сезни оралған  желкендердi  бiр орынға жинау  кезiнде, оларды  бiрiктiрiп  байлап қоюға  пайдаланылатын қысқа  тростар.

Спенкер (контр­бизань) артқы  мачтаға  iлiнетiн төртбұрышты  қисық  желкен.

Стаксель фок­мачтаға тiлкелей  iлiнген  алдыңғы  ұшбұрышты  желкендердiң  үшiншiсi.

Стеньга мачтаның  жалғасы  болып  есептелетiн  ұзын  ағаш  дiңгек.

Степс мачтаның  төменгi  басын бекiтетiн  терең ұялы  ағаш бөрене.

Такелаж рангоуттың кейбiр  бөлiктерiн  бекiтетiн немесе  желкендер  мен  рангоутты  көтерiп­түсiрiп  тұратын құрал­жабдықтар.

Тали ауыр  заттарды  көтеруге  арналған  ұялы  темiр шығыр. Онымен  желкендердi  де  басқарып тұрады.

Талреп тiк  тұрған  такелаж  құрал­саймандарын  тартуға  арналған  трос  немесе  винт (бұранда).

Топ ұшар  басы, төбесi, топ­мачта–мачтаның  ұшар  басы, төбесi.

Топсель грот­мачта пен  фок­мачтаның жоғарғы  қиық желкенi.

Тузик екi  ескектi  шағын  шлюпка (қайық).

Туманный горн желкендi  кемелерде  тұманды  сәттерде  дабыл  қағып  тұратын  керней.

Уваливать под  ветер  желден  жалтару– қарсы  соққан  жел  арқылы тұмсығымен  бұрылу.

Фал желкендi немесе  туды  көтеруге  арналған құрал.

Фалинь шлюпканы  байлап  қоятын  трос (арқан).

Фальшборт борттың  жалғасы,  үстiнгi  палубаның  биiк  ернеуi.

Фальшкиль кильдiң астынан бекiтiлген  төрт  қырлы  бөрене (брус).

Фок фок­мачтадағы төменгi желкен.

Фок мачта алдыңғы  мачта.

Фор­ванты Фок­        мачтаның  ванты (мачтаны тiгiнен  ұстап  тұратын  арқан­жiптер)

Фордевинд кеме  бағытының  бiр түрi. Бұл бағытты  ұстағанда  кеме  жүрiсiнiң  бұрышы  оң  борт  жақтан 1700 ­тан  сол  жақ  борттан 1700­қа дейiнгi  аралықты  қамтиды.

Форштевень кеменiң  алдыңғы тұмсық тұсы (кильдiң  жалғасы).

Хват­тали екi  шығырдан  тұратын  шағын  талилер (палубада әртүрлi  жұмыстар атқаруға  пайдаланылады).   

Швартовы кеменi  жағаға  байлайтын немесе  басқа  бiр кемеге  тiркеуге  iлетiн трос (арқан).

Шкот желкендердi  басқаруға  арналған  құрал.

Шлюп бiр мачталы  шағын  желкендi  кеме.

Шпангоуттар кеме  қаңқасының  көлденең  қабырғалары.

Шпигаттар борттың  немесе  палубаның  су  ағызуға  арналған тесiктерi.

Шпор мачтаның немесе  стеньганың төмен басы (ұшы).

Штаг мачтаны немесе  стеньганы  алдыңғы  жағынан ұстап тұратын  құрал (арқан­жiп).

Шторм­трап арқан­жiптен жасалған  баспалдақ.

Ют палубаның  корма  жағы (артқы).

Якорный  огонь –  зәкiр оты – кеме  зәкiрде  тұрған  кезде  тұмсық  үстiне  iлiп  қоятын  шам.

Дидахмет
Әшімханұлы