Көңіл айту. Қытайдан

Қытай Халық Республикасы,

«Ұлттар баспасы» бас директоры  

Ию Бинши

 2015-жылы 29-мамыр, Бейжің

Аудармасы: 

Көңіл Aйту хаты

Марқұм Дидахмет Әшімханұлының жанұясындағылар мен туыс-туғандарына:  

Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Aлаш» сыйлығының иегері, белгілі жазушы, майталман журналист, Қытайдағы «Ұлттар баспасының» қадырменді досы Дидахмет Әшімханұлының қайтыс болған хабарын естіп қатты қайғырдық. Марқұм Дидахмет Әшімханұлының жазып қалдырған «Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Жер аңсаған сарыатан», «Самырсын сазы», т.б. әдеби шығармалары, ғылыми еңбектеры оқырмандарына өлшеусіз рухани байлық сыйлады, туған халқының жүрегінен өшпестей орын алды. «Ұлттар баспасы» мен «Орхон» Баспа үйі 2014-жылдан бастап өзара селбестік қарым-қатынасында болып, Қытай мен Қазақстан екі ел арасындағы гуманитарлық байланыс пен достық қатынасты тереңдету жолында өзіндік табыстарға қол жеткізді. Біз осы барыста Дидахмет Әшімханұлының көрсеткен ерен еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Дидахмет Әшімханұлының дүние салуы, біз үшін де үлкен өкініш, зор жоғалту болды. Дидахмет Әшімханұлы «Ұлттар баспасының» ғана емес бүкіл Қытай халқының мәңгілік досы.

Біз марқұмның жанұясындағыларға және басқа туыс-туғандарына шынайы көңіл айтамыз, қайғыны қайратқа жеңдіріңіздер.

Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жәннәттән болсын!

Дидахмет
Әшімханұлы