Күнделігі

Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның журналистеріміз. Ал осының бірі де жоқ уақытта газет жұмысы қалай жүрді, ахуалы қандай болғанын білмек болып,көнекөздерімізді іздеген едік.  Өмірінің он бір жылына «Қазақ әдебиетін» серік еткен жазушы Дидахмет Әшімханға жолыққанымызда, өзі қызмет еткен жылдары жүргізген күнделігі бар екенін айтқан. Сексен жылдықтың қарсаңында «өткен күннің бір белгісіндей» болған күнделік беттерін газетімізге басуға арнайы өтініш жасаған едік.

Дидахмет Әшімхан
Күнделік беттерінен
(«Қазақ әдебиеті» – 1981-1991)
15 апрель. 1981 жыл.

Қазақстан жазушыларының сегізінші съезі ашылды. Ашқан – Ғабит Мүсірепов. Қонаев, Шестаков, Камалиденов, Аухадиев, Имашев қатысып отырды. Есепті баяндаманы Жазаушылар одағының бірінші секретарі Жұбан Молдағалиев жасады.

Жазушылар съезіне бұл менің тұңғыш қатысуым. Сондықтан да іштегі бір мақтаныш сезіммен сөйлегендердің әр сөзіне, отырғандардың әр қимылына жіті қараумен болдым. Сексенге тақап қалса да Ғабеңнің сөзі де, өзі де әлі тың екен. Тек жиналысты басқарып отырып, президиумға адам сайламас бұрын есепті баяндамаға Жұбандышақыруы жұртты ду күлдірді. Бір қатар артта отырған Қонаевтың өзі де күліпжіберді.

Қонаев өзінтым қарапайым ұстап отырды. Үстінде – қаракөк қостюм, көк галустук. Сөйлегендерге құлақ тіге отырып, жаңындағы Шестаковпен де еркін әңгіме құрды.

Қалтай Мұхамеджановтың баяндамасы өте әсерлі шықты. Сөзі тым өткір, әрі юморлы екен. Бір жазушыға мінездеме бергенде «қара судан қаймақ алып, піскен жұмыртқаданбалапан суыратын адам» дегенде жұрт күлгенде көздерінен жас ақты. С. Досановпен С. Ғаббасовты қатты сынады. Әділ сынады. Съезге Мархабат Байғұтов келіпті. Біраз әңгімелестік. Үзілісте Құрманғазымен сөйлестім.  «Қызғыш құс» кітабындағы «Жалғыз салтатты»  повесі жөнінде пікірімдіайттым.  Ұнамағанын астарлап, ептепжеткіздім. Ол өз перзентін аздап қорғағысы келді. Бірақ мені түсінген болар. Сөзінеқарағанда қатты еңбектенетін көрінеді. 30 баспа табақтық кітап аударып жатқанкөрінеді. «Уақытымның бәрін сол жеп жатыр» дейді. Тек соңғы уақытта ғана 1200 сағаты осы кітапқа кетіпті. Бұл тозақтық азап қой.

28 октябрь. 1981 жыл.

Екі-үшкүннен бері К. Паустовкийдің «Золотая роза» повесін оқып жатырмын. Расымдыайтсам, осыны бұрын неғып оқымағаныма өкінемін. Қандай  үлкен жүрекпен, сезіммен, біліммен жазылғандүние бұл! Повесь болғанда өзінде не фабула, не сюжет жоқ, әншейін автордың творчестволық еңбек, творчество адамдары жөнінде толғаныстары ғана. Бірақкәдімгі көркем шығармалардан артық болмаса бір де кемдігі жоқ. Менімше, қолынақалам ұстаған әр адам бұны оқып шығуы керек. Бір қызығы, жазушының көп ойларыменің пікірлеріммен үндес, ұқсас келеді екен. Екіншіден, өз бойымдағы кейбіререкшеліктерді де алғаш рет осы повесті оқығанда сезіндім. Творчество адамына,оның ішінде талантты жазушыға тән қасиеттер менің де бойымда бар екен. Бүгінгедейін өз басым көркем прозаның қарапайымдылығын, әуезділігін, ырғақтылығынжоғары бағалаушы едім. Байқасам, шын таланттардың көбі осы қағиданы ұстағанекен. Демек менде талант болуы әбден мүмкін. Және қандай шығарма жазбас бұрынөзім сол шығарманың табиғатына сай көңіл-күй іздейтінмін. Оны тапқан, дұрысындасондай күйге түскен кезімде әлгі шығарманың ырғағы да табыла кететін. Бұлжазушы үшін ең керекті қасиет сияқты. Менде қиналып жазу бар. Осы қиналып жазудың өзі талғампаздықтан туса керек. Ал талғам бар жерде талантты шығарманыңтууы заңды. Тез жазам деп мақтанатындардың шығармасының шыңға шығып кеткенінәлі көргем жоқ. Ондай шығарманы тез жазсам, мен де жазатын секілдімін. Сөз жоқ,жазамын да. Мәселен бір жақсы көретін ағам бірде: «бір күнде отыз бет аудардым» деп келгені бар. Әрине, мен оның аудармасын оқығам жоқ, бірақ керемет болмасын сеземін. Өйткені оның бұрынғы дүниесінен тәуір ештеңе оқи алмадым. Мүмкін бұлағам ол шығармаларын да өстіп тез жазған шығар.

Французәдебиетінде ең қиналып жазғандардың бірі Гюстав Флобер, орыстан Лев Толстой.Бірақ екеуі де ұлы жазушылар. Оларды ұлылық биігіне көтерген де сол қиналыпжазғандығында болар. Демек, қиналудан қашудың керегі аз сияқты. Мен үш күнненбері үш-ақ бет аударма жасап, қазір ғана біттім. Не ол көркем шығарма емес, неол менің атымнан шығар дүние емес. Әншейін М. Зверевтің аңшылық жайындағымақаласы. Бірақ мен оны: «Бұл мақала ғой. Маған не абырой, не пайда бар?» деп,сүйкете салуға дәтім жетпей-ақ қойды. Неге екенін білмеймін, өзімдікі болсын,басқанікі болсын, бір сөйлем жазсам да әрлеп жазғым келеді де тұрады.

Жексенбікүні (25 окт) күні бойы отырып, медицина ғылымының докторы Естөре Оразақовтыңмақаласын қайта жазып шықтым. Кеше өзі оқып алып: «Жазғанымды тым шұнтитыпжіберіпсің» деп ренжиді. Япырау, сол оның «жазғаны ма» еді, менікі емес пе.Онікі тек фамилиясы емес пе. Ал бүгін мақаласын екінші рет оқып болып, кетердепайдаланған үш кітабымды сұрағанда, мен бермедім. Ол: «Бала, өзің бір сараңекенсің» деп шығып жүре берді. Мақаласын жазып бергенде, алған рахметім осы.

Жаңа Шерхан телевизордан сөйледі. Қазақ әдебиеті жөнінде айта келіп, биыл шыққанматериалдардың ішінен екі-ақ мақаланы атап өтті. Ол менің «Парақорларым» мен«Жалғыз бала» очеркім. Ар –ұят пен үлкен қиналыспен жазған материалдарымның бұлда болса жемісі.

1 январь. 1982 жыл.

Өз ғұмырымдаталай есте қаларлық күн өткіздім десем, соның бірі бүгін болды. Мен бүгін басшыадам қандай болу керектігін де алғаш білген сияқтымын. Әңгіме Шерағаң жайында,өзіміздің редактор Шерхан Мұртазаев жайында. Сол кісінің бастауымен бүгін бүкілколлектив боп, коллектив семьясымен боп, жаңа жылдың алғашқы күнін «Отырар»ресторанында өткіздік.

Шерағаң кешбойы төрде отырып, отырысты қыздырумен болды. Өзіне көңілді болған аса жарасадыекен. Алыс төрде отырса да кімнің қандай күйде отырғанын да нақ сезеді екен. Кейбірқылымсып, бүге түскендерге: «Әй, неге ішпейсің? Тартып таста» деп күлдіріп теқояды. Бірінші антрактта фоэге шығып, бәріміз ән айттық. Мен «Әудемжерге»бастым. Жұрт риза боп қалды... Сосын екінші отырысқа шықпай жатып, залда әй кепаңыраттақ-ау. Біраздан соң Шерағаң мені жанына шақырып алып: «Ән айт» деді.Сосын екеуіміз «Жеңешені» шырқадық. Енді бір уақытта өзі Қызырғалидің әйеліменқосылып, «Ғалиябануды» шырқады. Қысқасы, сол кеште біз Шерағаңды тек басшыемес, үлкен жүректі адам екенін де таныдық.

24 февраль. 1982 жыл.

Әлкей Марғұланның үйінде болдым. Тұрған жерлері – Шевченко көшесі мен 8 марткөшесінің қиылысындағы бір тып-тыныш тұйық тұс екен. Үшінші этажға көтеріліп,есіктің қоңырауын бастым. Үстіне сұрғылт халат киген, дөңгелек жүзді, 30-35-тершамасындағы бір әйел адам бөлмеге кіргізді. Әлекеңнің Дәмелі деген қызы осыболар деп шамаладым. Мен онымен телефонмен бірнеше сөйлескен едім. Сол уақыттаоның қазақша да тәп-тәуіп сөйлейтінін аңғарып қалғанмын. Киімімді коридордыңбұрышында тұрған киім ілгішке ілдім де, Дәмелінің нұсқауымен залға кірдім. Осысәтте есік қоңырауы тағы да шылдыр ете түсті. Сосын іле-шала бөлмеге 45-50-лершамасындағы бір татар әйел кірді. Бұл Ғылым академиясында істейтін машинистәйел болып шықты. Қолында қолжазба салған жуан папка. Дәмелі залдың оңжағындағы, түкпірдегі есікке бас сұқты да: «Папа, саған адамдар келіп тұр» деді.Көп күттірмей-ақ әлгі бөлмеден еңкеңдей басып Әлекеңнің өзі де көрінді. Басында– жасыл мен ақшыл махер жіпті қоса тоқыған, жүні бұрқыраған тоқыма малақай.Қалың линзалы көзілдірігінің екі ұшынан жіп байлап, сол малақайын бастыра желкесінентартып тастапты. Кеудесіне кигені – екі қатарлы қоңыр түйме таққан көнетоз теріжелетке, қызыл-жасыл аралас шақпақты шатланка көйлек. Бұтында – екі жағындалямка жапсырған көкшіл трикотаж шалбар. Аяғында – замокты киіз бәтеңке.Машинист әйел онымен қос қолдап амандасып: «Әлеке, жұмысыңызды бітіріп әкелдім»деді. «Оның дұрыс болған екен» деп Әлекең папканы ақтарып көре бастады. Сосынәйелге тағы бір папка қолжазба беріп тұрып: «Ақшасын қазір аласың ба, әлдебәрін бітірген соң бірақ есептесеміз бе?» деді. Әйел жымиып: «Бүгінге дейінбасқанымды қазір алып кетейін, ақша керек болып тұр» деді. Әлекең: «Қанша?»деді. Әйел: «52 сом» деп еді, Әлекең кабинетіне кіріп кетті де сұраған ақшасынәкеліп берді. Әйел оны алып шығып кеткеннен кейін, ол маған бұрылып: «Сенқандай жұмыспен келдің?» деді. Мен оған шаруамды айттым. Осы тұста сәл шегінісжасай кетейін. Бұдан бір ай бұрын жазушы Әнес Сараев бізге «Қобыланды батыр»жыры және  тарихи деректер» деген 17беттік мақала ұсынған.  Мен ол мақаланыұнатып, бірден замредакторымызға (Ә.Жәмішев) бергем. Ол кісі көп шұқшиып оқып,біраз жерін қысқартып, машинкаға қайта бастырған. Рас, сол уақытта мен олкісіні: «Осы-ақ көлеңкесінен қорқа береді екен» деп жаратпай қалғанмын. Мақаламашинкадан шыққан соң, редактор (Ш.Мұртазаев) оқып, тағы да көп күмән келтірдіде: «Бұны Әлкей Марғұланға оқытып алу керек» деп маған қайта қайтарып беріпеді. Сол себепті кеше мен Әлекеңнің өзімен телефонмен сөйлесіп, бүгін баруғаөтініш жасағанмын. Міне, енді сол жағдаймен келіп тұрмын.

Әлекең «Қобыланды жыры» және тарихи деректерді» қолына алып, сәл қарап отырды да:

– Бұныңавторы кім? Жас адам ба? – деді. Мен Әнес Сараев жөнінде қысқаша айтып өттім.Сосын:

–  Ақсақал, бұл мақаланы өзім оқып берейін, –дедім, жұмысты жеңілдеткім келіп.

– Оқысаңоқы, – деді Әлекең қарлыққан қартаң дауыспен. Үнінен «Сол не жазды дейсің»деген сыңайды да байқап қалдым.

Біріншібеттің аяғына тақағанда, ол:

– Сонда бұлМәлік Ғабдуллинің айтқанына қарсы ма? – деді қолжазбаға шұқшия түсіп.

– Қарсы.Кейінгі беттерде неге қарсы екенін дәлелдейді де, – деп қойдым мен.

Екіншібеттің жартысына жеткенімде:

– Бұл өзі (Әнесті айтып отыр) тарихта екі Қобыланды болғанын біле ме екен? Әншейін босдалбасалауға болмайды ғой. Бірінші Қобыланды ХІІ ғ. өмір сүрген. Қобдабойындағы «Қобыланды бейіті» дейтін бейіт соның бейіті. Ал жырдағы батырҚобыланды – Қара Қыпшақ Қобыланды ХҮ ғ тіршілік еткен. Ол Әбілхайыр ханның батыры. Мынауың сонда қай Қобыландыны шатастырып отыр? – деп Әлекең бір сәтнаразылық білдіре бастады.

Мен мақаланыәрі оқи бердім. Қобыланды жайындағы О.Нұрмағамбетованың пікіріне жеткенімде,Әлекең:

– Оразкүлдіңбұл ойы дұрыс, – деп бас шұлғыды.

Қысқасы,бұдан кейін ол басқа ғалымдардың ешқайсысының пікірін қолдағысы келмеді.

– Қарағым-ау,мынауың қият пен оғыз қыпшақтарды қатар қойғаны несі? Оғыз бен қыпшақтың өзісол қияттан тараған ғой. Ал қият дегеніміз баяғы гүндер ғой. Ойға келгендісөйлей беруге бола ма екен. Тарихқа ондай жорамал жүрмейді. Тарихқа дәлелкерек. Дәлелсіз тарих – тарих емес, ол халықты алдау... Жә, ары оқышы, –  деді сосын.

Әнестіңайтуынша (дәлелдеуінше), қызылбастар – парсы емес, оғыздар еді. Оған айтардәлелі – оғыздардың өңі сары болған, сақалдары қызғылт келген. Сондықтан дақыпшақтар оларды «Қызылбас» деп атаған.

– Оттапты, –деді осы тұста Әлекең күйініп. – Қызылбастардың парсы екендігі баяғыдадәлелденген.

Әлекең сондай-ақ, бұл мақаладағы Ақжол (Дайырқожа), Майқы би, Қотан жайындағыпікірлерге де қарсы болды.

– Мына жазыпотырған адам Шәкәрімді оқымаған, – деді бір мезет.

– Ол қай Шәкәрім? – дедім мен.

–Құдайбердіұлы, – деді ол маған тік қарап, соны да білмейсің бе дегендей. – «Қазақхандарының тарихы» деген кітабы бар ол кісінің. Кітапханада ол кітап бар. Соныоқымаған ғой. Оқуы керек еді.

Бір қызығы,Әлекең өзі қарсы болған тұстарды сызып таста деп отырды. Мен қолжазбаныбүлдіргім келмей күмәнді тұстарға сұрақ белгісін қойып, әрі жылжи берсем:

– Әй, менсызып таста деген жерді неге сызбай отырсың? Осы мақаланы өзің жазған жоқсың баөзі. Тіпті қолың бармайды, – дейді ол маған шұқшия қарап.

Қысқасы, екісағат Әлекеңнің алдында отырып, оның «Шоқан туралы естеліктер» атты өз мақаласыналып, үйге қайттым.

9 февраль. 1983 жыл.

Түстен кейін Шерағаң бәрімізді кабинетіне шақырып алып:

– Кеше біздің Қажыкеңді (Қажығали Мұқаметқалиевті) Орталық Комитеттің секретариатындабекітті. Бүгіннен бастап оны газетіміздің заңды түрде  жауапты секретары деп біліңдер, – дедіәдетінше ернін жымқыра түсіп. Сосын бізгі барлай қарай отырып:

– Ал енді жолдастар, Қажыкеңнің бұрынғы орны – проза бөлімі бос тұрғанын білесіңдер. Оғанкім лайық? Арамыздан кім сол бөлімнің жұмысын алып жүре алады, – деді.

Мен ол орынғаіштей «Сейітқазы (Досымов) баратын шығар», одан басқа кімді қояды депжүргенмін. Сондықтан бірден:

– Сейітқазы лайық қой, аға. Очерк бөліміне ол кісінің біраз еңбегі сіңді емес пе, – дедім.Шерағаң:

–  Бұған қалай қарайсыңдар? – деп тағы даотырғандарғы көз тастады.

– Сейітқазы болсын.

– Сейітқазы лайық ол бөлімге, – деп шуласты бәрі.

– Ал оның орнына кімді ұсынасындар? – деді Шерағаң.

– Бергі жағындағы (Сейітқазының) мұртты лайық қой, – дедім мен Мұсаға (Рахманбердиев)қарап.

Бұны да жұртмақұлдасты. Сөйтіп проза бөліміне Сейітқазы, очерк бөліміне Мұса меңгерушіболып тағайындалды.

Әринебұларды біз тағайындағанымыз жоқ. Секратариатта да келісілген болуға тиіс.Бірақ біздің риза болғанымыз – Шерағаңның тактикасы еді. «Ана бөлімге анау,мына бөлімге мынау барады» десе де өз правасы өзінде еді ғой. Жаңағытактикасымен коллективтің атмосферасына да бір көз жүгіртіп өткен сияқты.

11 февраль. 1983 жыл.

Редколлегия мүшелерімен мәжіліс өткізілді. Оған сырттан Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев,С.Мәуленов, Қ.Мұхамеджанов, Д.Исабеков, З.Қабдолов және Ц.К-ның бір өкіліқатысты.

Бірінші Қалижан сөйледі. Ұзақ сөйледі. Мәнді ештеме айтқан жоқ. Өзінің дауысы да анықемес екен. Менің жанымдағы Әбділда:

– Мына Қалижанның аузынан шыққан сөздің әрпі төңкеріліп түседі екен, – дейді.

– Алтынның арасынан сөз қалай шықсын, бәрін бітеп тастаған ғой, – дейді Қалтай.

Сырбай Мәуленов өз сөзінде арнау өлең жайында айта келіп:

– Мына Қалижанның баяғыда бір өлеңін оқыдым. «Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденді ағашопан Пәленбаевқа» дегендей арнауы бар екен. Сонда ойладым, осы керек пе деп.Қалеке, сонда сіз сол шопанның бір қойын жеп кетіп, ақысын өлеңмен қайтарғанжоқсыз ба? – дегенде бәріміз күлдік.

14 февраль. 1983 жыл.

Целинаградтан жолым болмай қайтқан соң  командировкамдыақтамақ болып, қалай да бір материал жазуды ұйғарғанмын. Сол ниетпен қаладағыбалалар үйінен бір апта бойы фактілер жинағанмын. Осы фактілер бойынша екі күнүзбей жұмыс істеп, кешегі күні кешке «Көкектің күнәсі» деген социалогиялықочерк жазып бітірдім. Бүгін машинкаға бастырғанда 13 бет шықты. Бастықтар қалайкөрерін кім білсін, өзіме тәуір сияқты. Шерағаның қолына берейін деп едім, олкісі түске дейін болған жоқ. Тегі ЦК-да жүрсе керек. Соңғы кезде өзі Үлкен үйгекөп барып жүр, СҚ-ға редактор болып барады деген рас болмағай. Біз үшін ол әліде «Қазақ әдебиетінде» жүре бергені жөн болар еді. Болмағанда, пәтер алғаншадегендей. Ол кетсе, орнына қандай адамның келерін кім білсін. СейдахметБердіқұлов келеді дегендей өсек бар. Маған ол біртүрлі адам сияқты көрінеді детұрады.  Студент кезімде «Лениншіл жаста»бірер ай істегенімде біраз адамды танып қалғанмын. Соның бірі Сәкең ғой. Бірақадалын айту керек, маған тиген залалы жоқ оның. «Тасқорым» деген әңгімемді 15күннің ішінде шығарып бергенін әлі ұмытқам жоқ. Жалпы Сәкең менің творчествомдыұнататынын талай байқағам.

18 март. 1983 жыл.

Гогольдің туғанына 175 жыл толуына байланысты газетке бір бет материал дайындадым.Негізінен Гоголь туралы замандастарының естеліктері. Аудардым. Осы біреулераударманы  бөрікпен қағып алатындай жеңілкөретіні несі екен. Әрқайсысы 100-150 жолдан тұратын 3 естелікті 3 күнаудардым. Бірақ көңілімнен шықты. Маған ең керегі осы. Өз фамилиям тұрған жердеқалай халтураға барасың. «Мезгіл өтіп барады, беу, қарағым-ды» (мақала) әлібітіргем жоқ. Тіпті қарағым келмейді. Зорланып жазған дүниенің жайы осы ғой.Өзің сүймеген дүниені өстіп амалсыз зорланып жазуға тура келеді. Дегенмен оныертең қалайда бітіруім керек.

10 ноябрь (жұма), 1989 жыл.

Бүгін Шерханағамыз «Соц. Қазақстанға» редактор болып ауысты. Сөйтіп 9 жыл 40 күн істеген«Қазақ әдебиетімен» қош айтысты. Ол кісі бұл газетке 1980 жылдың 1 октябріндекелген еді. Ол уақытта газеттің тиражы – 45 мың болатын. Биыл – 100, келесіжылы – 125 мыңмен шықпақшы. Ол уақытта (1980) «Қазақ әдебиетінің» гонорары –800 сом еді, қазір – 1600. Бұның бәрінде Шерағаңның табан ақы, маңдай тері,көзінің майы бар. Октавиан Август айтқандай «Риму нашел глиняным, оставилмраморным» дегені осы шығар. Қазақ тілінің мемлекеттік  статус алуына да ол кісінің сіңірген еңбегінайтып жеткізу қиын.

Осы 9 жылдабұрын екінің бірі біле бермейтін, есіл еңбегі ескерілмей жүрген, ғалымдығынғалымдардың өзі жете бағалай алмаған семейлік ғұлама Қайым Мұқаметқановтыхалыққа жеткізген, Манашты (Қозыбаев) Манаш еткен, Құлмат Өмірәлиев, МекемтасМырзахметов сынды азаматтарды нағыз ғалым ретінде танытқан, Орхон-Енисейжазбаларынан бастап араб әрпін оқып, жазуды үйретуге дейін ұзақ із салған«Қазақ әдебиеті» болса, бұл газетті қолынан жетелеп отырған Шерхан ғой.

Қ.Ә.-ге ендіредактор кім болар екен? Оралхан қазір Шыңғыстайда. Шешесінің қырқын беругекеткен. Меніңше, Шерағаңның орынын баса алатын, ол салып берген жолды кеңітебермесе тарылта түспейтін жалғыз журналист Оралхан болуға тиіс. Оның алғырлығынаұшқырлығына, кез келген автормен тіл табыса білетін саясаткерлігіне редакциядағана емес, Жазушылар одағында тең келетін адам жоқ екеніне сенімім зор. Бірақбіздің Одақтың басшыларына жұмыс істей алатын, халықтың қамын ойлайтын адам некерек. Оларға – «алаштың аты озғанша ауылдастың тайы озсын!». Өкінішке қарай,біздегі ұран сондай.

24 қыркүйек, 1991 жыл.

Түстен кейінредакцияға Нығмет Ғабдуллин келді. Ол кісі бізге «Ғабит аға туралы» деген отызбеттік естелік ұсынған еді. Соның бірінші данасын сұраған едім, бүгін әкеліпті.Көп әңгімелестік. Бәрі де Ғабаң туралы.

– Өте шыдамды адам, – дейді Ныхаң. – Бұл жөнінде 3 әңгіме айтып берейін... 50-жылдардыңбасында Ғабаң, Тәкең (Тайыр Жароков) және мен үшеуіміз Москваға пойызбен кетіпбара жаттық. Тәкең жолға шығар алдында: «Ғабиттің жанына орналаспа, өтекөңілсіз болады» деген соң, мен Тәкеңнің купесінен орын алғам. Кешкілік вагон-ресторандатамақ ішіп отыр едік, спортивный формамен Ғабаң да келді. «Кофе ішейін депедім» деп ол ышқырынан 1 сом алып, бөлектеу үстелге барып отырды. Артынша солүстелге бір мас орыс келіп қисайды да, Ғабаңды әй-шай жоқ боқтай бастады. Ұзақбоқтады. Мен шыдай алмай орнымнан тұра беріп едім, Тәкең отыра тұр дегендейтіземді басып қойды. Ғабаңды әлгі мас орыс әлі боқтап отыр. Ғабаң үнсіз. Орысбоқтай түседі. Ғабаң үндемейді. Ақыры кофесін ішіп болған соң, жұдырығынүшкірейте түйіп алып, әлгі орыстың кеудесінен ірей алдынан өтіп жүре берді. Барқарсылық осы болды. Екінші рет бір жиналыс болып жатқанда (ол кезде ҒабаңЖазушылар одағының прецедателі) Төлеужан Ысмайлов кіріп келіп: «Әй, Ғабит, мененді 1-2 айдан кейін өлем. Мына қағазыңды өзің ал» деп, пенсия тағайындаужөнінде қол қойып, жазып берген қатынас қағазын Ғабаңның бетіне лақтырыпжіберді. Ғабаң үндеген жоқ. Қағазды ақырындап жыртты да, жанындағы урнаға тастайсалды. Үшінші оқиға мынау: Ғабаң тағы бірде жиналыс жүргізіп отырғанда, Сафуанесікті ашты да: «Әй, Ғабит, сен қашан шығасың? Мен күтіп қалдым ғой» деді өктемүнмен. Ғабиден, Сәбит тағы басқа шалдар біртүрлі тіксініп қалды. Ғабит үндегенжоқ. Мен мұндай жүйкесі мықты адамды бұрын соңды көрмеген шығармын.

Нығмет ағабұдан басқа да біраз жайдың басын қайырды. Өзі көңілді отырды. Өйткені мен«естелігіне» өте жақсы пікір айтқанмын. Шындығында, естелік өте жақсы жазылған,тағылымды, қызықты дүние еді.

жүктеу
Дидахмет
Әшімханұлы