ЖҰЛДЫЗДЫ БЕЛБЕУ

ЖҰЛДЫЗДЫ БЕЛБЕУ

Тәмпіш тау етегіндегі селдір-селдір қарағайлардың арасы мен белден-белге ирелеңдей қашқан жалпақ жолда тәмпіш танауын қорсылдата тартып, жортып келеді. Қырбақ қардың үстінде қара пимасы бұлтың қағып, еңісті жерде ебелектеп жүгіріп алады да, әр кездескенде амалсыз пыс-пыс аяңға басады. Өстіп тоқтаусыз тыпыңдағанына, міне, бір сағаттан асып барады. Артта қалған жолдың қазір қарасы да үзілген. Дегенмен, сол жақ қа жалтақ-жалтақ қарай береді. Қараған сайын қуғын жо ғын көріп, алабұртқан көңілі бір сәтке тағы жайланғандай болады. Сөйтсе де Сейдеш есінен шығар емес… Сөз жоқ, ол ендігі қасқа сиырды суғарып әкелді. Әкелді де таяқтап қуып, шаш па қораға кіргізді. Сонан кейін… сол қорадағы тазаланбай шоқайып-шоқайып тұрған анау «саржағалдарды» көрді. Ал со сын тістенсін. Тәмпішке «иіскетіп жіберетін» жұдырығын түйіп алып тұра үйге жүгірсін. Бәлки, осы сәтте алдынан Райхан шығып, ол қасқа сиырды суатқа қуалап кетісімен, Тәмпіш ағасының алқын-жұлқын Сарымсақтыға аттанғанын секеңдеп тұрып жеткізсін. Сейдеш санын соғып қалсын.

Сарымсақтыдағы Мырзабек нағашысының армиядан оралға нын кеше кешкісін Мықты ағаңнан ол да естіген. Сонда ол да нағашысын көріп қайтқысы келген. Бірақ Мықты ағаң машинада орын жоқ деп, емеурін білдірген оны да, етегіне жармасқан бұны да ертпеген. Кейін Тәмпіш көпке дейін түнде ұйық тай алсашы. Көрпеге оранып алып, ары аунақшыды, бері аунақшыды. Ары аунақшыса да, бері аунақшыса да Мырзабек нағашысы есінен кетпеді. Оны қалай жатып көрсе де көз алдында алдымен бес бұрышты жалпақ белбеу тұрып алды. Иә, кәдімгі солдаттардың жалпақ белбеуі. Сап-сары айылбасы қандай жарқырайды десеңші! Сондай әдемі белбеуді кластағы Әділханның буынғанына, міне, бір апта болып қалды. Бір аптадан бері бүкіл бесінші кластың көзі тек Әділханның белінде. Бір аптаның ішінде оның мінезі де қатты өзгерген. Бұрын үзі ліс кезінде кластан бір аттам шығуға қорғанып, үсіген тауықтай бүрісіп отыратын ол енді қоңырау сылдыр етсе есікке ұмтылады. Сосын жұлдызды бөркін баса киіп (жұлдызды бөрік кигеніне де бір апта болған), аулада қоқиланып әрі-бері жүрсін кеп. Сол кезде беті бозарып, тісі-тісіне тимей дірдектеп тұрса да тоңбаған сыңай танытарын қайтерсің?.. Бүгінде ол бұрынғыдай еңкеңдеп те жүрмейді, денесін тіп-тік ұстап, қаздаң-қаздаң қаға ды. Бұрын қолтығына жабысып қозғалыссыз жүретін қолда рын да енді оңды-солды сермейді. Бір қызығы, сол жалпақ белбеу Әділхан киген қандай киімнің болсын сыртында: далаға шықса пальтосында, класқа кірсе костюмінде, ал үйінде түнде ұйықтағанда… «Әй, соны ол іш көйлегіне де буып жататын шығар…»

Тәмпіш терши бастаған тәмпіш мұрнын сұқ саусағымен арыбері сүйкеп тастады да, артына қарады. Көңілі тағы жайланды. Бұдан әрі қуғын күтіп, қорқа беруі де жөнсіз сияқты. Сейдеш енді бұны атпен қуса жете алмас. Қууға уақыты да жоқ қой, бүгін оның мұрнына су жетпесі анық: суды өзі әкеледі, сиырдың шоқайғандарын өзі тазалайды, отынды өзі жағады. Осының бәрін қынжылып жүріп, Тәмпішке кіжініп жүріп істейтіні де белгілі. «Істесін, істесін, – деп қояды бұл аяғын масаттана басып. – Тәмпішсіз күні қандай екенін білсін». Апасы айтып отыратын: «Шошқаға да бір мейрам», – деп. Шошқаның жа нында Тәмпіш адам емес пе?

Тәмпіш алға екпіндеген сайын жол ұшы бұлғақ қағып, белден-белге қашады. Жол ұшын қуып жетем деп бұл да белденбелге асығады. Асықпауға болмайды, күн төбеден ауып барады. Алда әлі жол ұзақ. Тәмпіш Сарымсақтыға жетіп алсын деп күн орнында тұра ма, қазір-ақ құлдырап барып ұясына сымп береді. Артынша мына селдір қарағайлы тау етегін қап-қара түн басады. Бұта-бұтаны тіміскілеп аш қасқырлар жортуылға шы ғады. Тәмпіштің тұла бойы қалтырап қоя берді. Бір сәт бады райған көздері алақ-жұлақ етіп, маңайына қарады. Бірақ бұл қорқатындай ештеңе көрінбейді. Тіпті көз жетер жерде қыбырлаған бір қара жоқ, осы елсіз иенде бойында жаны бар тек өзі сияқты… Шынында, бұл несіне қорқады? Сол жағындағы қарағайлы мына биік таулар да, оң жағындағы ұйысқан қа йыңталды Бұқтырманың жағасы да – бәрі-бәрі Тәмпішке кішкентайынан таныс. Бұл жерлерде адамды қасқыр жеді дегенді ес тісе, құлағы керең болсын. Тек кеше Мықты ағаң анау қара тұм сықтың арғы бетінде отыратын Зейнештің он қойын жалғыз көкжал қырып кетіпті деп бір нәрсені көңірсіткен. Айтқаны рас болып, кездесе қалса он қойды қырған көкжал жалғыз Тәмпішті шыбын құрлы көре ме?

Тәмпіш жүрісін бұрынғыдан да жылдамдата түсті. Жыл дамдатқан сайын аяғы оттай жанып, тыз-тыз етеді. Мана Сейдештің қара пимасын «көрсетпей сұрап» кигеніне енді өкініп те келеді. Өз етігі болса ғой, бұдан әлдеқайда жылдам жүрер еді, аяғы да өстіп өртенбес еді. Оның шолақ тонын да іле кетпегені қандай жақсы болған. Өзінің жұқа пальтосы, міне, жеп-жеңіл, жүруге де ыңғайлы…

Бірде аяңдай басып, бірде домалана жүгіріп бұл тағы бір биікке шыққанда, алдындағы ойыстан Жаңатұрмыстың үйле рі жамырап шыға келді. Мұржаларынан көкшіл түтін будақ тай көтеріліп, аспанға тік шаншылып жатыр. Тәмпіш тұрған жерден бұл ауыл алақанындағыдай анық көрінеді екен. Әне, орталық кең көшеде балалар зырылдатып шанамен сырғып жүр. Біреулер ауыл етегіндегі Бұқтырмаға қарай қой айдап барады. Бәрі де өз ауылындағы тіршілік. Бәрі де өз ауы лы Қызылқайыңдағы сияқты… Е, осы Жаңатұрмыс пен Қызылқайыңның арасы жеті шақырым емес пе еді. Оны Тәмпіш, міне, жүріп өтті. Бұдан кейінгі ауыл – Бөктерлі. Жаңатұрмыс пен Бөк терлінің арасы тағы жеті шақырым. Әне-міне дегенше, Тәм піш оны да жүріп өтеді. Бөктерліден Сарымсақтыға дейін де жетеу. Екі жетіні артқа тастаса, соңғысы сөз болып па, Тәмпіш оны да әлі басып өтіп, нағашысының үйі кешкі шайды алдарына ала бергенде, ойда жоқта тап орталарына топ ете түседі. Сонда… сонда, әрине, Тәмпішке бәрі таңғалады. Әсіресе Мықты ағаң. Таңданып, таңырқап отырып ол әдетінше бұны лепірте мақтайды. Көзін қысып қойып, «өзіме тартқан мықты» деген сөзін тағы айтады. Оның құшағынан босай бергенде, бір кезек Мырзабек нағашысы бауырына басады. Бетінен сүйеді. Сонан кейін жалпақ белбеуін Тәмпіштің беліне буады. Иә, кәдімгі Әділхандікі сияқты бес бұрышты жалпақ белбеуін. Мүмкін, ол Әділхандікінен де әдемі шығар…

Тәмпіш кенет көңілденіп кетті де, мұрнын қорс-қорс тартып алып, еңіске қарай құлдыраңдай жөнелді. Құлдыраңдап келе жатып Мырзабек нағашысы мен жалпақ белбеуді ойлайды. Оны сәл ұмыта бастаса, есіне Мықты ағаң түседі… Мықты ағаң десе Мықты ағаң ғой ол. Нағашыларының ішінде одан мықтысы жоқ шығар. Ол аузын аша бастаса-ақ, елдің езуі құлағына жетіп қалады. Сөйлеп кетсе, іштерін басады. Сөйтіп отырып біреудің бірдемесін қағып түскенін де байқамай қаласың. Кеше кешке де бұлардың үйлеріне Бәтимасын ертіп қонаққа келген қойшы Қозыбайдың аузын аңқитып кетті емес пе…

Қонақтар дастарқан басына енді жайғаса бергенде, көктен түскендей Мықты ағаң тәштаң қағып кіріп келген. Кірген бойда жанындағы сырықтай ұзын тұрасын шалқая нұсқап:

– Мына жігіт біздің деректірдің шопыры, апа, – деген апасына жымың қағып.

– Е, бопты, – деді салқын тіл қатып. – Жайша жүрмісің өзің? Қутыңдауың жаман, қу шешек, тағы бірдемемізді қағып кетпесең болды да.

– Жоғә, әлгі біздің… біздің әлгі… о-о, қыс болса да қысырыңыз әлі суалмаған екен ғой, апа, – деп ол стол ортасындағы сары тегеште шүпілдеп тұрған қымызға қараған қалпы сөзінің соңын жұтып қойған. Көздері күлміңдеп-ақ тұр. Оған абыржи қараған апасы лезде ашулансын.

– Немене «біздің әлгі»? Айтсаңшы, түге, жұмбақтамай. Біздің әлгі келін аман ба? Нәрестелі болып қалған жоқпысыңдар?

– Жоғә, – дейді Мықты ағаң қулана жымиып. – Артынан айтам ғой, асықпасаң етті, апасы-ау!

– Е, айтпасаң, қой. Бүйтпесең Мықты ағаң атанасың ба? – деп апасы бауырынан түңілгендей қолды бір сілтеген. Оны еле ген Мықты ағаң жоқ, сол жымиған қалпы төрге шықты да, топ ортаны ойып тұрып, Қозыбаймен тізе түйістіре отырды. Сосын бір кесе қымызды өзі құйып алып, дем алмай төңкеріп тастады да:

– Паһ-паһ!.. Қыстыгүні қымызды бабымен ұстайтын адам апамдай-ақ болсын! Паһ-паһ!.. Бақайшағыма дейін шымырлат ты ғой, жарықтық! – деді етектей орамалымен бетін желпіп қойып.

– Иә, дұрыс айтасыз, қыстыгүні қымызды бабымен ұстай тын адам сирек. Мұндай қымыздың бақайшағыңа дейін шымырлататыны рас, – деп оны Қозыбай өзінше қостаған болды.

– Кеше деректірдікінде қонақта болдым, – деді іле-шала Мықты ағаң Қозыбайдың сөзін елемеген сыңай танытып. – Әлгі өзіміздің «Қызыл су» совхозының деректірі Сағынғановты айтам да. Сабазың ол да коньякты қымызбен закусит етеді екен ғой. Бірақ құрып кеткір қымызы… тфу, дәмі әлі аузымда тұрғандай… Айтпақшы, мына жігіт сол кісінің шофері, апа. Ең сенімді адамдарымыздың бірі. Бір жерде отырғанда анау ананы айтты, мынау мынаны айтты дейтін қатын өсегі жоқ. Жас болса да пысық, тіл алғыш. Бүгін деректір «Мына кләдөпшікті жездесінің үйіне апарып қайт» деп еді, қабақ шытпай келісе кетті ғой азамат!

– О, азамат! Келісе кеткені жөн болған екен. – Қозыбай тағы елпілдей қостады.

Бұл жолы да оны елеген Мықты ағаң емес. Елемек тұрмақ, артымен ырғап-ырғап Қозекеңді біртіндеп төрден ығыстырып барады. Өстіп отырып бір кезде оның қонышынан сары ала қамшысын жып еткізіп суырып алды.

– Керемет! – деді ол қамшыға шұқшия үңіліп. – Сабын ораған жезің жез емес, сары алтын дерсің… Қалай-қалай жарқырайды, ей, а? Төрт қырлы өрімі қандай, нағыз сегіз таспа бұзаутіс!

– Керемет екені рас. Сабы, шынында, сары алтындай жарқырайды… Көрген жанның көзінің жауын алады, – деді Қозыбай қамшысына қол созып.

– Сабыр, сабыр, Қозеке, анықтап көріп алайын да, – деп Мық ты ағаң одан қашқақтай отырды. Содан ол бүкшиіп алып, қолындағысын ұзақ көрді. Көріп отырып жымиды. Жымиып отырып бір кезде:

– Қамшының керемет екеніне дауым жоқ, бірақ етігің ескілеу ме, қалай? – деді басын жерден алмастан. – Менің складыма жуықта шымқай былғары етіктер түскен.

Осы тұста күйеуінің аяғына көзі түскен Бәтима қызарақтап қалған.

– Өзінің де жап-жаңа былғары етігі бар. Мана киіп ал деп едім…

– Ім-м, етігі бар де… Біздегі жылы тон қандай?!

– Бірді қойып, үйде екі тоны тұр. – Бәтима күйеуіне алара қарады. – Байғұс-ай, барыңды кимей адамды өстіп қызартасың ғой. Болмағанда күпәйкеңді шешіп отырсаң етті…

– Айтпақшы, Бәтима, тон дегенде есіме түсті ғой, – деп Мық ты ағаң енді әңгімені кілт басқа жаққа бұрды. – Апырмай, был тыр қыста Жаңатұрмыстан жаяу келе жатқаныңда біздің машинаға жолықпасаң…

– Сөз жоқ, үсіп өлер едім, – деді Бәтима шошына сөйлеп. – Өл мегенде ше, сол күнгі түн қандай суық еді?! Оның үстіне айда лада жалғызбын.

– Иә, иә, біздің қатын өздеріңе кезікпегенде өліп-ақ қалады екен. Сол күні, рас, түн де аса суық болды ғой, – деп сөзге Қозыбай да араласты.

– Бәтимаң кешіккенде жаның шығып кете жаздаған шығар, ә, Қозеке?

–       Рас, рас, жаным шығып кете жаздады.

–       Өйткені Бәтимаңнан қымбат ештемең жоқ қой.

–       Дұрыс айтасың, бұ қатыннан қымбат нем бар менің?

– Е, ендеше, қамшың да қатыныңнан қымбат болмас… Әй, Тәмпіш, мә, машинаға тыға сал, – деп Мықты ағаң босағада тұр ған Тәмпішке қамшыны лақтырып қалды. Тәмпіш қағып ал сын да, сыртқа зытсын.

Мықты ағаңның қызығы мұнымен де біткен жоқ, дастарқан жинала бастағанда жұртты тағы бір дүрліктірген. Бұл уақытта тегештегі сары қымыз сарқылып қалып еді, бір-екі рет ыдыс түбін тықырлатып көрсе де, апасы қайта құяр сыңай білдірмеді. Ақыры көздері жылтың-жылтың етіп отырып, тосыннан:

– Апа, сүйінші! – демесі бар ма.

– Ойбай, не дейді мына сығыр, шүйіншісі несі? – деді апасы таң данып.

– Иә, шүйінші, апа! Алдымен келісіп алайық, шүйіншіме – бір қой.

– Ал, құрғыр, ал. Онсыз да алып жүрсің ғой… Айтсаңшы енді, мысымды құртпай.

– Айтсам, біздің әлгі Мырзабек… сенің кенже бауырыңды айтам да, армиядан оралды.

– Не дейді мынау, Мырзашым келді дей ме?! Бәсе, оң қабағым тартып жүр еді… Ой, айналайын қарғам-ай!..

Апасы қуанғаннан көзіне жас алды. Көзін жаулығының ұшымен сүрте жүріп, қайтадан дастарқан жасады. Дастарқан үстіне қайтадан тегеш толы қымыз келді.

– Қу сығыр-ау, манадан бері айта салсаң қайтер еді? – дейді апасы бір күліп, бір жылап.

– Манадан бері айта салса, Қозыбайдың сыбағасынан басқа бұған не тиер еді, – дейді жездесі рахаттана күліп (Жездесі – Тәм піштің атасы ғой).

Сөйтіп Тәмпіштің Мықты ағасы бір кеште бір қамшы мен бір қойды оп-оңай олжалап алып, Сарымсақты қайдасың деп, үйіне жортты да кетті.

Енді, міне, Сарымсақты қайдасың деп, Тәмпіштің өзі де жор тып келеді. Әлгіндей емес, жүрісі саябыр. Үнемі шаба беруге Тәмпішті қойып, ат шыдай ма – қазір біртіндеп болдыра бастағанын сезеді. Оның үстіне Жаңатұрмыстан шыққаннан бері алды сыпыра өр. Өр болмаса желдей есіп, ендігі Бөктерліге жетіп қоюы мүмкін еді. Оған дейін әлі екі-үш шақырым бар. Одан әрі Сарымсақтыға дейін тағы жетеу. Ой, о-ой, оған жеткенше орта жолда… жо-жоқ, бұл бүгін Мырзабек нағашысын қалай да аман-есен көреді. Біреу алып қоймай тұрғанда, жалпақ белбеуді ертең беліне буып қайтады.

Тәмпіш екі құлағы салпылдаған ақ қоян бөркін шешіп алып, жұп-жұмсақ жүнімен тершіген бетін бір-екі сүйкеп тастады да, жүрісін тағы жылдамдатты. Бірақ біраз жерге тыпыңдап барған соң жүрегі алқынып, амалсыз қайта аяңға басты. Сонан кейін бір сәт артына бұрылды. Қырбақ қарлы аппақ жолда титімдей қара ноқат көрінбейді. Әншейінде ақырып-бақырып, ары-бері саулап жататын машиналар да зым-зия. «Айтпақшы, бүгін демалыс екен ғой. Демалыс күндері машиналар аз жүрмеуші ме еді…» Мейлі, жүрмесе тіпті жақсы, ертең ол балалардың алдында әдемі белбеуін жарқыратып тұрып, жиырма бір шақырым жерге қалай жаяу барғанын, жолда қандай қызықтар көргенін, бәрін-бәрін майын тамызып айтпай ма?! Аздап өтірік те қосып қоюы мүмкін. Мысалы, Бөктерліге жете бергенде тайыншадай көкжал көргенін, ол тісін ақситып соңынан ұзақ қалмағанын… Тәмпіш осыны ойлап біткенше, кенет жолдың оң жағындағы бұта іші сыбдыр етті. Жүрегі аузына тығылғандай, дем ала алмай қалған ол жолдың сол жағына ыршып түсті. Енді есін жиған сәтте бұта үстінен бір сауысқанның шықылықтай ұшып бара жатқанын көрді.

– Түу, ит-ай! – деді сосын ентіге сыбырлап. – Зәремді мұндай ұшырармысың!

Кеудесін қолымен басқан күйі алақтап, жан-жағына қарап қойды. Көріп қалған ешкімді көзі шалмаған соң, көңілі жайланғандай болды да және алға аттады. Аттаған жерде аяқтары тәл тіректеп әзер қалпына келді – жаңағы арамза неме зәресін ұшырмай қоймай, буындарының болтына дейін босатып-ақ кеткен екен. «Қоян да бүйтіп қорықпас, не деген сужүрек едім?!» деп ойлады Тәмпіш қарадай күйініп. Жаңағысын Мықты ағаң естісе ғой… әй, бір мазақ қылар еді. Мазақтай тұрып әдетінше: «Баяғыда, – деп әңгімесін бастар еді. – Баяғыда, осы сендей күнімде, күн демей, түн демей тау мен тасты кезіп, қасқыр-түлкі, елік-бұғыны доптай домалатып тастаушы едім. Бүгінгінің баласы күн батса, сыртқа шығып кіш етуге қорқады… Әй, Тәмпіш-ай, өзіме тартқан жалғыз мықты сен бе десем», – дер еді. Шынында, ол «өзіме тартқан мықты» дегенді жиі айтады. Әсіресе Тәмпішке. Өйткені жиендерінің арасында Тәмпіш қана оған ұқсай алады. Оған ұқсап күлміңдеп сөйлей де, күлдіре де біледі; ыңғайы келсе біреуді алдап та кетеді. Әйтеуір, қашанда оған ұқсағысы келіп тұрады. Тағы бір қызығы, жұрт бұл екеуін де өз аттарымен атамайды. Кім атағанын, неге атағанын кім білсін, оның Мырзабай аты баяғыда Мықты ағаң болып кеткен. Ал бұны Көкөш демей Тәмпіш атандырған Мықты ағаң. Неге олай атандырғаны белгілі… Тәмпіш мұрнын ұстап қойды. «Шір кін, сәл үлкенірек болса ғой…»

Тәмпіш өстіп мұрын сипалап келе жатқанда, машина гүрілі естілгендей болды да, арт жағына жалт қарады. Рас, машина екен, машина. Айналма жолда қорабы қопаңдап зулап келеді. Мына жүрісімен Сарымсақтыға әп-сәтте жетіп барары сөзсіз. Шаршай бастағанда кездесе қалғаны мұндай жақсы болар ма?! Қатып-ақ кетті, жолы болғаны осы да. Шофер жанына алса тіпті тамаша, сосын Тәмпіш жып-жылы кабинада терезеден сырт қа қарайды да отырады. Рахат деп соны айт!

Арада жүз қадамдай қалса да, машина жүрісін бәсеңдетер емес, қорабы қопаңдап әлі де зулап келеді. Тәмпіш қолын көтеріп, жымың қағып жол жиегінде тұр. Көзі кабинада… Мәссаған, шофердің жанында бір әйел отыр. «Жә, қойшы сол кабинаны. Қорабының іші одан да жақсы. Таза ауа… Міне, міне, тіптен жақын қалды. Апыр-ау, жүрісін неге бәсеңдетпейді, шынымен тоқтамас па екен?!» Қолын барынша көтеріп, алға ентелей түсті. Бірақ Тәмпіш аузын ашқанша, ол зулаған бойы жанынан өте шықты.

– Ә-әй, тоқта! – деді Тәмпіш соңынан ентіге жүгіріп. – Тоқта деймін, тоқта! Отырғыза кетші!

Машина қопаңдап қашып барады. Өкпесі өшіп Тәмпіш қуып келеді. Айғайлап келеді.

– Ағатай-ау, отырғыза кетші! Отырғыза кетші, ағатай-ау!

Ағатайы оны естіді ме, естімеді ме, қас қағымда бел асып жоқ болды. Тәмпіш алқына дем алып, жол үстінде тағы жалғыз қала берді. Тұз жұтқандай кеудесі ашыды. Жанарына жас келді. Сонан кейін бір сәт:

– Балоның жарылғыр-ай! – деді кемсең қағып. Шоферден алған бар өші осы… Оның не үшін тоқтамағанына таңы бар. Каби насында бірді қойып екі әйел болса да жұдырықтай Тәмпіш сыяр бір қуыс табылар еді ғой. Болмағанда қорабына отырғызса етті. Әлде құлайды деп қорықты ма? Құлап қалатын бұл бос бөшке деймісің – қолы бар, аяғы бар – қабырғасынан тас қып ұстап тапжылмас еді… «Қайырымсыз екен, – деп түйді оны ақыры Тәмпіш. – Қайырымсыз адам алысқа ұзамас деуші еді апасы. Жол ортада сен де бір күні шоңқиярсың».

Тәмпіш өрге қарай аяғын ауырсына басады. Бір мезет отырып демалғысы да бар. Бірақ батуына сынық сүйем қалған күнге қа райды да, сылбырап үнсіз жүре береді. Осы өгіз аяңымен ілби басып алдындағы белеске шыққанында, етекте қойдай бытыраған Бөктерлінің үйлерін көрді. Үйлерді көргенде, көңілі көтеріліп, еңіске қарай тағы домалаңдай жүгірді. Бірақ сайдың ішіндегі жолдың тұмсықты айналар тұсына жете бере кілт тоқтады. Оқ бойы алдында сол жағына сәл қисайып бір машина тұр… Міне, қызық… манағы машина, мана өзін отырғызбай кеткен машина. Шынында, балоны жарылып жатпаса нетті?

Тәмпіш асыға жүгіріп жанына жеткенде, дәу қара жігіт машинасының жапырайып жатқан алдыңғы доңғалағын суыра алмай мықшыңдап отырғанын байқады. Бұл жымиып қойды. Неге екені белгісіз, шаршағаны басылып, денесі жеңілдеп қалғандай сезінді өзін. Осы сәтте ойына бір әзіл ән де оралды. Соны машинадан оза беріп, шоферіне естірте даусын құбылта созсын:

Бір машина келеді, Тиегені сухари. Сен тимесе7, мен тимеймін, Пажалыста, ухади…

Машинадан біраз ұзаған соң, әлгінде кабинада отырған әйелді де қуып жетті. Өзі осы Бөктерліде тұратын болса керек, солай қарай апаратын қатар жолға түсіп алып, еңкеңдеп барады. Ол артына бұрылған кезде, Тәмпіш оның аңқиған аузындағы сояудай-сояудай екі күрек тісін бірден аңғарды. «Алтын сақадағы» мыстан кемпір сияқты екен өзі.

–       Шешей, машинаңызды күте тұрмадыңыз ба? – деп Тәмпіш өзінше қуланған болды.

–       Өй, жетпей желкең қиылғыр, көк түйнек! Өле алмай келе жатып қушыкешін мұның… Өзің қайда барасың? – деді ол сампылдап. Сөйлеген кезде әлгі екі тісі одан сайын ұзарып көрінеді екен.

–       Алтын сақамды іздеп. – Тәмпіш бұны енді қырсығып айтты. «Мыстанның қарғысы да бұдан қатты болмас, – деп ойлады сосын бұл. – «Жетпей желкең қиылғыр» дегенін қарашы. Түу, қалай аузы барды?..» Мана өзі машинаның соңынан «балоның жарылғыр-ай» деп еді. Оның анау, әне, жол ортада шоңқиып жатқан… «Құрысын… құрысын, айтқаны келмей-ақ қойсын бұл мыстанның…»

Тәмпіш Бөктерліден екі-үш шақырым ұзағанда аяғынан әл кете бастағанын сезді. Отын тартқан атасының тор биесіндей өзін-өзі алға әрең сүйрейді. Балтыры сыздап, башпайының басына дейін тыз-тыз етеді. Бұл уақытта күн де батып үлгерген, төңірек біртіндеп қарауытып барады. Жүрген сайын қоюлана түскен сол жағындағы қалың орман қазірдің өзінде қап-қара боп түнере қалған. Сол орман жақтан сай қуалап сұп-суық жел еседі. Бұл суық ұрған бетін бөркінің бір құлағымен бастыра жауып алып, мойнын ішіне тартып жүріп келеді. Қойны-қоншынан да жел гулеп тұр. Бірақ оған істер амалы қайсы? Әттеген-ай, үйден шығарда Сейдештің тонын да жымқыра кетпегенін… Сейдеш!.. Ол қазір жып-жылы үйде отыр ғой. Мүмкін, апасының қою ша йына тыңқия тойып, тырайып ұйықтап жатқан шығар…. Жоқ, ол бүгін көпке дейін ұйықтай алмайды. Көпке дейін бұны ойлайды. Жолда бір бәлеге ұшырамаса екен деп тілейді. Сөй тіп жатып бұның қашып кеткенін естіген сәтте соңынан қуып жетпегеніне өкінеді. Қалай дегенмен де Сейдеш Тәмпішті жақсы көреді ғой. Күндіз ерегесіп қалса да, түнде арқасынан тас қып құшақтап ұйықтайтынын қайтерсің?.. Иә, екеуінің кейде ерегесіп қалатыны бар. Оған көбіне кінәлі Тәмпіш. Кінәлі болатын себебі, бұл өлсе айтқанынан қайтпайтын қырыс қой, қырыс. Тілі де ащы. Осы мінезімен оны қаншама рет ренжітті десеңші! Бұдан үш жас үлкен болса да ол кейде көзінің жасын төгіп-төгіп жіберуші еді. Сөйтіп жүріп апасынан оқтау да жеп қалатын. Соның бәріне кінәлі Тәмпіш. Адам сүйер қылығы жоқ қой бұның, әйтпесе жалғыз ағасын ренжіте бермей бір қуантар еді ғой. Бірақ қалай қуантады?.. Тоқта!.. Бес бұрышты жалпақ белбеуін алып, ертең үйге жеткенде… сөз жоқ, ол да қызығады. Сонда Тәмпіш оны ойланбай-ақ Сейдешке бере салса… Иә, сөйткені жөн. Тек сол белбеуге тезірек жетсе екен!..

Тәмпіш мойнын пальтосының ішіне тығып, бүрісіп жүріп келеді. Қарақошқыл аспанда жамырап жұлдыздар туа бастаған. Әлгінде ой-шұқырына дейін алакөлеңкеленіп көрініп тұрған төңірек енді бір тұтас қап-қара түске енген – Тәмпіштің алдындағы жолдың тек нобайы ғана білінеді. Жел үрлеген қарағай басында бір қалыпты шуыл бар. Маңайда бұдан өзге ала бөтен дыбыс жоқ. Бұл жан-жағына қарамауға тырысады. Қараса болды, көзге түсер қарайғанның бәріне жан бітіп, өзіне қарай анталап ұмтылып келе жатқандай көрінеді. Құрып кеткір, мына бір өр де таусылмай қойды, бұл жүрген сайын ол алыстай беретін сияқты. Өзі аса биік те емес, ал ұзақтығында шек жоқ дерсің – нағыз «бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыстың» өзі. Шіркін, осының үстіне бір шығып алса, үштөрт шақырым жерден жарқырап Сарымсақтының шамдары да көрінер еді. Одан әрі қорқатын да дәнеңе жоқ. Әттең, әттең, соған жете алмай дымы құрып келеді ғой… Кенет алыстан ит үргендей болды да, Тәмпіш елең етіп тоқтай қалды… Иә, ит үреді, арсылдап тұрып үреді. Бұның есіне енді түсті, оң жағындағы қарауытқан төбенің арғы бауырында екі-үш үйлі ескі қыстау бар болатын – иттің даусы сол тұстан естіледі. «Неге үреді екен?» Мүмкін, қора төңірегін қасқыр торып… жо-жоқ, ол бәле қайдан келсін мұнда? Ауыл жап-жақын жерде емес пе? Ит неменеге үрмейді дейсің, иесі үйде жатып қаттырақ жөтелсе де арсылдап қоя бермей ме? Мықты ағаң айтпақшы, «Ит үрмесе ит бола ма? Үрсін, үрсін, үреді де қазір қояды». Жоқ, мынау үргенді қойып, енді ұли бастады… Өздері біреу емес, бірнешеу ме, қалай? Дауыстары не деген ащы еді?.. Артынша сол жақтан тарс ете түскен мылтық үні естілді де, аспан шытынап сынып бара жатқандай таулар күмбір-күмбір жаңғырығып қоя берді.

Тәмпіш ес-түссіз алға жүгіре жөнелді. Бойы бір ысып, бір суиды. Жүрегі алқынып, аузына тығылардай. Жаңағы жүруге әзер жарап келе жатқан аяғы енді жел қуған қаңбақтай безек қағады. Жүгірген бойда естіп келеді, иттер шабалана үреді, үреді де ұзақ-ұзақ ұлиды… Міне, тағы мылтық атылды. Тағы таулар жаңғырықты. «Рас, қораға қасқыр келген ғой. Қорадан бұл жерге дейін бір-екі-ақ шақырым ғой. Шіркін-ай, мына өрдің үстіне тезірек шығып алар ма еді! Ар жағынан Сарымсақтының шамы көрінген еді ғой. Ар жағында ел бар ғой. Шіркін-ай, шіркін-ай!..»

Тәмпіш ес-түссіз жүгіріп келеді. Жүгірген бойда естіп келеді, иттер әлі де ұзақ-ұзақ ұлиды. Өзінің аяғының үні ме, әлде бірдеме қуып келе ме, арт жақтан бір тынымсыз дүбір де білінеді. Тәмпіш одан сайын өкпесі өшіп жүгіреді. Өстіп келе жатып, аяғы тайып кетті де, жол жиегіндегі қабақтан қалпақтай ұшты. Сонан кейін «а» деуге де шамасы келмей, екіүш домалап сай ішіндегі ұлпа қарға күмп берді. Жан дәрмен атып тұрып, қабаққа қайта ұмтылды. Бірақ жолға қолы іліге бергенде етпеттей құлады да, сайға қайта сырғып түсті. Аяққолы тырбаңдап тағы ұмтылды. Тағы құлады. «Бітті! – деп ойлады Тәмпіш етпеттеп жатып. – Бәрі де бітті! Жетпей желкем нің қиылғаны осы шығар… Қазір… қазір әлгі келіп бас салады. Бас салады да, дырылдата сүйреп, пора-порасын шығарады…» Тәмпіш аяқ-қолын бауырына тартып, бір-ақ уыс болып жиырыла түседі. Өн бойы дір-дір етіп, жүрегі дүрс-дүрс соғады. «Қазір… қазір келіп бас салады…»

Бірақ қанша үрейленіп күткенмен, бұны бас салған ештеме болмады. Біраздан соң бойынан қорқыныштың кете бастағанын да сезді. Бір мезет төңірегіне жайлап құлақ салды. Иттер үргенін қойыпты. Қарағай басының шуылынан басқа бөгде дыбыс жоқ. Жым-жырт. Тәмпіш созалаңдап орнынан әзер тұрды. Сосын аяғын аттай бере тәлтіректеп барып, қайтадан қар үстіне жалп етті. Бұдан әрі бір қадам жүруге дәрмені жоқ екенін бұл енді анық білді. Бетіне жып-жылы боп қос тамшы домалап түсті. Кірпіктерін қаққан сәтте тағы домалады. Артынша булыға қыстығып, қорс-қорс жылап қоя берді. «Бекер… бекер шықтым үйден, – дейді екі иығы селк-селк етіп. – Өлдім ғой… қазір енді өлем ғой… уу-у-уй!» Аяғын серпіп-серпіп жіберді де, бұлқынып кеп бір аунап түсті. «Өлім!.. Түу, не деген қорқынышты?!

Жүру керек, тағы да жүру керек. Әттең, мына қиядан шығып кетсе… ары қарай еңбектесе де Сарымсақтының шамын көріп барып құлар еді ғой. Әттең!.. Әттең!.. Әуп…» Орнынан ышқына көтеріліп тік тұрды. Осы мезетте Бөктерлі жақтан жарқ-жарқ еткен жалғыз жарық байқалды. Машина!.. Машина келеді. Тура осылай келеді. Тәмпіш жұлқынып қияға ұмтылды. Бірақ жолға қолы іліге бергенде, манағыдай тағы құлады. Кейін сырғып барып, тістеніп қайта ұмтылды. Қайта құлады. Бұл енді ызалана жыласын. Қанша тырмысқанмен жолға шығар түрі жоқ. Машина болса жақындап-ақ қалды. Тәмпіш бұл орнында тұра берсе, көрмей өте шығуы да мүмкін. Не істесе екен, ә? Жолға шығар жадағай жер іздесе қайтер еді? Сөйткені жөн-ау!.. Бұл ұлпа қарды тізеден омбылап, сүріне-қабынып жолды жиектей жөнелді. Жүрісі өндір емес, екі аттап барып бір құлайды – тұрып алып ентіге тағы өңмеңдейді. Жадағай жер әзірге көрінбейді… «Ойпырмай, көрмей кетер ме екен? Және… және біраз жүрейінші!..»

Ол тағы жиырма қадамдай аттағанда, машина ышқына гүжіл деп өкпе тұсына тақады. «Ойпырмай, шынымен, көрмей кетер ме екен?» Тәмпіш тоқтай қалып, бөркін жұлып алды да, қол бұлғай айқайлады:

– Ағатай-ау, ағатай, тоқташы! Төмен жағыңа қарашы! Ала кетші, ағатай-ау!.. Өліп қалам ғой, ағатай-ау!

Машина кенет жүрісін бәсеңдетті де, кілт тоқтады. Шофері лып етіп жерге түсіп, тура Тәмпішке қарай жүгірді.

– Әй, өле алмай жүрген қай баласың, сен, ә? – деді ол бұның жанына келген соң.

– Мен Тәмпішпін ғой, аға! – Тәмпіш оған ұмтыла беріп, алдына етпеттей құлады.

Шофер оны көтеріп әкеліп, қасына отырғызды да, жүріп кетті. Қайда барасың, қайдан келесің дегеннен басқа ештеңе сұраған да жоқ. Тек сәлден соң баяу ыңылдап әнге басты:

Бір машина келеді, Тиегені сухари…

Әлі де жылына алмай қалшылдап отырған Тәмпіш оған кенет жалт қарады. Әлгіден бері оның бетіне тура қарағаны да осы. Манағы шофер… жол ортада қалған. Тәмпіштің беті ду етті.

Ма зақ тағандай ол да бұған жымия қарап, көз қысты. Бұл одан сайын қызарсын. Оның жолда қалғанына тек өзі кінәлі сияқты. «Балоның жарылғыр деп нем бар еді?.. – дейді іштей қысылып. – Өзі бір жақсы кісі екен. Бұл болмаса ғой… Қорлықты көрер едім. Әй-әй». Онсыз да бүгінгі көрген қорлығы аз емес. Бәрі де бір жаман белбеудің әлегі. Сол жарты құлаш қайысқа бола арам қата жаздады. Керегі не еді соның? Ал ертең оны беліне буып қайтсын. Балаларға көрсетіп мақтансын. Бар болғаны сол-ақ па?.. «Жоқ, – деп ойлады Тәмпіш енді бір кезде жалпақ белбеуді көзіне елестетіп. – Қалай дегенмен де, солдатский белбеу әдемі ғой. Оны балалар көріп қана қоймай, қатты қызығады ғой. Сондықтан әзірге Сейдешке де беріп керегі жоқ…»

Тәмпіш қиялдап отырып, Сарымсақтыға жеткенін де сезбей қалыпты. Мықты ағасының үйінің жанына келгенде, шоферге рақметін айтып, машинасын тоқтатқызды. Кабинасының есігін де рақметін айтып ашқызды. Оны жабарда тағы бір рақметін лақтырып тастап, тәлтіректей басып, темір қақпаға қарай беттеді. Үйге кіргенде, төр алдындағы ұзын столды жағалай отырған көп адамды көріп, бұл босаға тұсында жаутаңдап тұрды да қалды. Олар да бұған таңдана қарай қалсын. «Құдай-ау, осы Тәмпіш пе, Тәмпіш емес пе?» дейтін сияқты бәрі. Енді бір уақытта Мықты ағаң орнынан аңырап, ұшып тұрды.

– Ойдөйт деген, мынау өзіміздің кәдімгі Тәмпіш қой. Өй, сен қайдан жүрсің, ей, түнделетіп? Ел-жұртың аман ба, батыреке?.. Ойбуй, мына иттің беті піспеген помидор болып кетіпті. Үсіген ғой көгеріп… үсіген ғой домбығып. Шешін, Тәмпішім, шешін тез!

Сөйлеп жүріп, ол бұны шешіндіре бастады. Шешініп жатқанда, әскери етігін сықыр-сықыр еткізіп, Мырзабек нағашысы келді де, бетінен сүйді. Бұл да оны сүйген болды. Құшағынан босай бере белдігіне де көз салып үлгерді. Әйтеуір, әлі өзінде екен. Алақандай айылбасы жарқырап тұр, шіркіннің! Рас, Әділхандікінен де әдемі екен. Міне, тамаша!.. Көңілденіп алған Тәмпіш дастарқан басына келгенде жымиып күлгісі келді. Бірақ езу тартқанда беті тыртысып, күлуге ыңғай бермеген соң, амалсыз моп-момақан күйге түсті. «Бәлем, сәл жылынып алайын. Сонан кейін жолда көргендерімді айтып, барлығыңды таңғалдырмасам ба?» деп қояды ішінен.

– Бұл бала – кеше сіздің шопырыңыз екеуіміз барып қайтқан Қызылқайыңдағы апайымның кенже ұлы, – деді Мықты ағаң қайта орнына жайғасқан соң төрдегі қасқа бас, семіз адамға бұрылып. – Қателеспесем, осы Асқарыңыз екеуі шамалас болса керек… Айналайын, Асқаржан, сен қай класта оқисың, ә?

–       Бесінші, – деді қасқа бас кісінің қасындағы кекіл шашты сары бала ұртын толтыра қомп етіп.

–       Біздің Тәмпіш те бесінші оқиды. Бесіншіні беске оқиды. Солай емес пе, Тәмпіш?.. Айтпақшы, сен мына ағаңнан қалған басты мүжіп қой. Әлі өскенде деректір болып кетермісің…

Мықты ағаң қасқа бас кісінің алдында жатқан қойдың басын Тәмпішке ұстата берді. Бұл оны ары аударып, бері аударып, аппақ сүйектен басқа ауызға салар талшық таба алмады. Ақыры таңдайын сыпырып алып, екі-үш шайнап қылғыта салды.

Біраздан кейін дастарқан жиналып, қонақтар орнынан тұра бастады. Тәмпіштің де күткені осы еді. Мырзабек нағашысы етігін сықырлатып сыртқа шыққанда, бұл да ере шықты. Ол темекісін тартып болып үйге кіргенде, бұл да ере кірді. Енді төргі үйге өтіп кете ме деп қауіптеніп еді, сәті түскенде, ол дәліз де бұның басынан сипап біраз кідірді. Тәмпіш жалпақ белбеуді сыртынан сипап көрді. Несін айтасың, керемет! Осындай дүниеге қалай қызықпассың? Дегенмен, берші деп айту ыңғайсыз.

– Қалай, ұнай ма? – деді бір кезде Мырзабек нағашысы бұның көзінің құрты неге түсіп тұрғанын сезгендей.

– Ұнағанда қандай! Сондай әдемі. Біздің кластағы Әділханның да осындай белбеуі бар. Қатты қызығамыз.

– Ендеше, сен де басқаларды сөйтіп қызықтыр, мә, бұны сен ала ғой.

– Рақмет, нағашы, рақмет! – Тәмпіш секіріп-ыршып, санын шапалақтап жіберді. Белбеу қолына тиісімен, буынып та алды.

Осы мезетте Мықты ағаң қолтықтаған қасқа бас кісі де дәлізге шықты. Әлгінде оның жанында отырған Асқар деген шикіл сарысы Тәмпішке жақындап келіп, белбеуге жаутаңдай қарады. Бұл оның қызығып тұрғанын сезіп, сары айылбасын әдейі жалтылдатып қойды. «Қызық, қызық, ішің күйсе, тұз жала».

– Папам маған қаладан ботинка сатып әкелді, – деді ол қомпылдай сөйлеп. Сөйтіп тұрып, әдемі бәтеңкесінің қызғылт тұмсығын бұлтыңдатып та қойды. – Папа, көктемде қалаға барғаныңда сен маған мынадан да жақсы белбеу әкелесің, а?

– Жарайды, әкелейін… Ал енді қайталық, балам.

– Тоқташы, папа!.. Тәмпіш, андағыңды әкелші бір буып көрейін.

– Жоқ, – деді Тәмпіш шегіншектеп. – Сен көктемді күтсеңші, папаң қаладан сатып әкелер.

– Берсеңші, Тәмпіш, Асқаржан бір буып көрсін де. Майы кетіп қалмайды ғой. Өзгелерге байқатпай Мықты ағаң көзін қысып қалған соң, Тәмпіш амалсыз белбеуін ағытты.

Асқар белбеуді ары сипап көрді, бері сипап көрді. Асықпай астын да көрді, үстін де көрді. Бірақ қайтарар түрі жоқ. Тәмпіштің шыдамы таусылып әзер тұр.

– Асқаржан, қалай, ұнай ма? – деді әлден уақытта Мықты ағаң.

– Ұнағанда қандай! Біздің кластағы Серікте де осындай белбеу бар. Өте қызықтырады.

– Ендеше, Асқаржан, бұны сен ала ғой, – деді Мықты ағаң. – Мен Тәмпішке тағы тауып беремін.

– Бізді де Әділхан қатты қызықтырады. Бермеймін белбеуімді!

Тәмпіш белбеуге қолын созғанша, Асқар алқын-жұлқын есіктен шығып та үлгерді. Бұл көзі мөлт-мөлт етіп босаға тұсын да қала берді.

– Мен оны Тәмпішке беріп қойып едім, – дейді Мырзабек нағашысы қипақтап.

– Оңбаған неме, ұят қылды-ау! – дейді қасқа бас кісі өзінше қысылған боп.

– Түк етпейді, қысылмаңыз. Тәмпіш өзіміздің бала ғой. Мен бұған әпитсерскидің өзін тауып беремін әлі, – дейді Мықты ағаң оның галошын кигізіп жатып.

Тәмпіш жерге тұқырайған қалпы төр үйге тұнжырап кірді де, жеңгесі салып қойған төсекке гүрс етіп жата кетті. Көрпені басына орап алып, бір мезет өксіп тұрып жылағысы келді. Бірақ көкірегіне түйіле қалған бір ащы түйін лықсып келген жасын сыртқа шығармай іштей ұзақ булықты. Өстіп жатып не заматта ұйықтап кеткенін де сезбепті. Түсінде ауылдың бүкіл баласын жинап алып, команда беріп жүргенін көрді. Өзі оң қолымен беліндегі жалпақ белбеуді қыса ұстап алған екен дейді. Оянған сәтте дәл сол оң қолымен бос ышқырын созғылап жатқанын байқады.

Таңертең Тәмпіш ертеңгі шайға да қарамай сыртқа сүйретіле шықты да, қайтар жолға түсті. Табаны тасқа тиген аттай кібіртіктеп аяғын зорға басады. Артта қалып бара жатқан Мықты ағаңдікіне жалтақ-жалтақ қарап қояды. Үйде бір нәрсесі ұмыт қалған сияқты. Бірақ не ұмытқаны есіне түсер емес, әй теуір, көңіліне жетпей тұрған бірдеңе бар… Жаңа Мықты ағаң: «Деректірдің мәшінімен үйіңе апарып салайын, жарты сағат күте тұр», – дегенде, өзі көнбеген. Күте тұруына да болар еді, неге екені белгісіз, Тәмпішке ол бармай қалатын сияқты көрінді. «Қойшы соны, жолай машина кездесер. Бүгін бірінші оқу күні ғой. Бірінші оқу күні машиналар көп жүреді ғой. Тек әлгі белбеуді…» Тәмпіштің көзіне жас үйірілді. Жасты көзі жау дырап келе жатып түнде Асқарды неге қумағанына өкінді… Бірақ қуғанмен жете алмасын да білді. Өйткені өзінікі тәрізді тұмсығы жарты құлаш пима емес, Асқардың аяғында бәтеңке еді ғой. Папасы қаладан сатып әкелген әдемі бәтеңке еді ғой…

Дидахмет
Әшімханұлы
logo